ӘРІПТЕСІМІЗГЕ ТАБЫС ТІЛЕЙМІЗ!

12.12.2022

ӘРІПТЕСІМІЗГЕ  ТАБЫС  ТІЛЕЙМІЗ!

ӘРІПТЕСІМІЗГЕ  ТАБЫС  ТІЛЕЙМІЗ!

     Қазақстан Республикасы Ғылым және  жоғары білім министрі  Саясат Нұрбек мырза  еліміздің  ғылым және жоғары  білім саласындағы  адал да абыройлы  еңбегі мен жоғары біліктілігі үшін  Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта – теңге күніне және қаржы саласы  қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай  Философия саясаттану және дінтану институтының бас есепшісі Шынтемірова Бахыт Сәдуақасқызын ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапаттады.

    Өз тарапымыздан  айтарымыз, министр атап өткеніндей, бұл салада Сіз өз білімділігіңізбен, тәжірибеңізбен, адал еңбегіңізбен көп жыл бойы ерекшеленіп келесіз. Сіздің  байыптылығыңыз бен іскерлігіңіз, кәсіби шеберлігіңіз және жоғары біліктілігіңіз, әлдеқашан танымал болған  тәжірибелі маман екеніңізді мақтан тұтамыз. Бойыңызға әрдайым мұқалмас жігер, қайтпас қажыр, еңбегіңізге таусылмас табыстар тілейміз!

      Ұжым тарапынан Сізге таза көңілімізден шыққан ізгі ниетімізді білдіреміз. Алдағы уақытта да жемісті күндер, қызметіңізде табыстар бола бергей! Біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді орайлы ұштастыра отырып, институтымыздың  беделі арта түсуіне сүбелі үлесіңізді аянбай қоса беріңіз!

Философия, саясаттану және дінтану Институты қызметкерлерінің ұжымы