Ғылым бірлікті құруға қалай көмектесуде.

13.03.2025

Ғылым бірлікті құруға қалай көмектесуде.

Ғылым бірлікті құруға қалай көмектесуде.

 

Философия, саясаттану және дінтану институты Қазақстанның этносаясаты бойынша "Қазақстандағы этносаясат және бірегейлік" атты жаңа жинақты таныстырды

2025 жылдың 12 наурызында Алматы қаласының Достық үйінде жетекші сарапшылар, ғылыми қоғамдастық өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай "Қазақстандағы этносаясат және бірегейлік" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ғылыми еңбектер жинағының тұсаукесеріне жиналды. Философия, саясаттану және дінтану институты жетекші қазақстандық және шетелдік антрополог - ғалымдардың, тарихшылардың, саясаттанушылардың, әлеуметтанушылар мен философтардың баяндамалары мен мақалаларын қамтитын ғылыми жинақтың тұсаукесері мен шығарылымының бастамашысы болды.

Жинақ авторлары өз баяндамалары мен мақалаларын мәдениетаралық және этносаралық өзара іс-қимыл, қазақ және қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, көші-қон, этникалық және азаматтық бірегейлік, көпмәдениеттілік, трайбализм мәселелерін және Қазақстандағы және әлемнің түрлі елдеріндегі ұлт құрылысының басқа да аспектілерін зерттеуге арнады. Жинақ елдегі этносаяси жағдайға байланысты негізгі мәселелерді ғылыми тұрғыдан түсінуге маңызды үлес болып табылады және қазақстандық ғалымдарға, оқытушыларға, студенттерге, докторанттар мен магистранттарға, сондай-ақ этносаясат, азаматтық және этникалық бірегейлікті қалыптастыру, этносаралық қатынастар және ұлттық құрылыс мәселелеріне қызығушылық танытатын қалың жұртшылыққа арналған.

Ғылыми еңбектер жинағын таныстырудың мақсаты қазақстандық бірегейлікті қалыптастырумен байланысты аса өзекті этносаяси және этноәлеуметтік проблемаларды – мемлекеттік этносаясатты одан әрі іске асыру мәселелерін, ұлттық құрылыс процесінде этникалық проблемаларын, Қазақстанда және әлемде рухани құндылықтар мен тарихи сананы жаңғырту мәселелерін, мемлекеттік құрылыстың бүгінгі кезеңіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін талқылау болды.

Іс-шараның модераторы – Алматы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, ФСДИ бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д. - Мұхтарбек Шайкемелев алғы сөзбен тұсаукесерді ашты.

Негізгі баяндамаларда жинақтың рецензенттері: "Алматы корей ұлттық орталығы" ҚБ төрағасының орынбасары, Нархоз Университетінің "Eurasia Foundation" халықаралық қорының директоры, т.ғ.д., жинақтың редакциялық алқасының мүшесі - Георгий Кан; ФСДИ бас ғылыми қызметкері, с.ғ.д., доцент, жинақтың редакциялық алқасының мүшесі - Юрий Булуктаев; Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Академиясының профессоры, ҚХА мүшесі, Алматы ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, т.ғ.к., профессор - Меңдіғаным Шаймерденова; Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Алматы қ. "Қазақстан Орыс мәдени орталығы" ҚБ төрағасы, медицина ғылымдарының кандидаты - Всеволод Лукашев; ФСДИ саяси зерттеулер орталығының директоры, ф.ғ.к. - Айдар Амребаев сөз сөйледі.

Іс-шараға қатысушылар жинақ ғалымдарға, мемлекеттік қызметшілерге және этносаясат мәселелеріне мүдделі барлық адамдарға этносаралық және саяси процестердің күрделі динамикасын бағдарлауға көмектесетін құнды құрал екенін атап өтті. Жинақтың тұсаукесері Қазақстан алдында тұрған ағымдағы сын-қатерлерді түсінудегі маңызды қадам болып, ұлтты шоғырландыруға бағытталған тиімді этносаяси стратегияны құрудың жаңа идеялары мен тәсілдерін ұсынды.

 

ФСДИ Саяси зерттеулер орталығы