Қазақстан жаһандық контексте: тәуелсіздік пен егемендікті нығайту

23.10.2024

Қазақстан жаһандық контексте:  тәуелсіздік пен егемендікті нығайту

Қазақстан жаһандық контексте:

тәуелсіздік пен егемендікті нығайту

   

2024 жылдың 22 қазанында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және тілдер университетте Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының Саяси зерттеулер орталығымен бірлесіп, Республика күніне арналған «Қазақстан жаһандық контексте: тәуелсіздік пен егемендікті нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға университеттің халықаралық қатынастар факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, институттың ғалымдары мен ғылыми қызметкерлері, магистранттар мен докторанттар қатысты.

 

ФСДИ Саяси зерттеулер орталығы