Түркия Республикасы
Анкара университетіндегі ғылыми іс-сапарлар өткізілуде
2024 жылдың 20 мамырда ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты жүзеге асыратын гранттық жоба аясында дінтану орталығының директоры, PhD докторы, жетекші ғылыми қызметкер Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы және ғылыми қызметкер Мейманхожа Нұрмұхаммед Рысбайұлы, Анкара университеті «Илахият» факультетіндегі бірінші күнгі шетелдік іс-сапардағы ғылыми кездесулерге қатысты. Іс-сапар шеңберінде «Илахият» факультетінің деканы, профессор, доктор Ирфан Айджан мырзамен кездесуде іс-сапардың мақсатымен таныстырылды, Философия саясаттану және дінтану институтының ғылыми бастамалары туралы хабардар етіліп, пікір алмасу өткізілді. Институт және аталған университеттің факультеті аясындағы бірлескен ғылыми іс-шаралар, мақалалар әзірлеу жұмыстарын жүргізу туралы талқылау өтті.
Анкара университетінің «Илахият» факультеті жарты ғасырдан астам уақыттан бері ғылыми кадрлар даярлайтын бірегей жоғары оқу орны болып саналады, университеттің ғылыми кадрлары, профессорлары мен ғылым докторлары заманауи талаптар аясында ислам діні тарихы, діни философия, құқықтану және маңызды гуманитарлық бағыттар шеңберінде көптеген арнадағы әдебиеттерді жариялаған, ғылыми және кәсіби мамандарды даярлаумен жүйелі айналысып келеді.
Факультеттің профессоры, доктор Исмаил Чалышканмен кездесу барысында ғылыми-танымдық тақырыптарда сұхбат алмасулар жүргізілді, Қазақстандағы ағартушы, ғалымдар (Абай Құнанбайұлы, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы т.б.) мен Түркия еліндегі ғалымдардың ортақ зерттеу мұралары, ғылыми бағыттағы ізденістері туралы талқылау өткізілді. Сонымен бірге, профессор Исмаил Чалышканның білімгерлерге өткізген дәрісіне қатысып, «тәпсір» (мәтіндік герменевтика) саласындағы бірқатар ой-пікірлері туралы хабардар болдық.
Сонымен қатар, университеттің жас ғалымы, доктор Хади Әнсар Джейланмен танысу барысында ғылыми ізденістер жұмыстары туралы ақпараттандырды, исламдағы «фиқh» бағыттары бойынша мақалалар жариялау, ғылыми журналдар («Аnkara universitesi Ilahiyat fakultesi dergisi») туралы хабардар етті және кітапхананың мазмұнды қорымен таныстырды. Шетелдік сапардың жоспарлы іс-шаралары жалғасын табатын болады. Шетелдік әріптестерге мыңда бір алғыс білдіреміз.
ФСДИ дінтану орталығы