Алматы қаласындағы Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара

14.04.2025



Алматы қаласындағы Ғылым қызметкерлері күніне арналған

салтанатты іс-шара

 

 

2025 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясында Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – отандық ғылым жетістіктерін насихаттау, ғалымдардың еңбегін мойындау, сондай-ақ жас ғалымдар мен олардың инновациялық бастамаларын қолдау.

Салтанатты жиынға ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директорының міндетін атқарушы, социология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Е. Джаманбалаева мен Философия орталығының ғылыми қызметкерлері қатысты.

Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында құттықтау сөз сөйлегендер:

– Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Президенті;

– Жанқуатов Ғалымжан Жандосұлы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің Төрағасы.

Спикерлер ғылыми қауымдастықты кәсіби мерекемен құттықтап, әріптестеріне алғыс білдірді. Олар ғылыми жетістіктердің маңыздылығын және отандық ғалымдардың ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Салтанатты бағдарлама аясында ғылыми-инновациялық жобалардың көрмесі ұйымдастырылып, елдің жетекші ғалымдары мен академиктерінің мазмұнды баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ бірқатар үздік қазақстандық ғалымдарға ведомстволық марапаттар мен академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған арнайы мерейтойлық белгілер табысталды.

 

 

ФСДИ Философия орталығы