ҒЫЛЫМ МЕН ДІНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ

24.05.2023



ҒЫЛЫМ МЕН ДІНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ

 

Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы

Философия, саясаттану және дінтану институты, Дінтану орталығының директоры

Ғылым мен діни құндылықтардың байланысын қалыптастыру бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Ғылым араб тіліндегі ізденіс, талпыныс, зерттеу, салыстыру, талдау терминдеріне ұқсастығы бар ұғым ретінде қоғамдық санада қалыптасып отыр. Адамзат тарихында фәлсафа сөзімен байланысты ұғымда ежелгі Греция, Рим қоғамдарында түрлі саладағы фәлсафа ғалымдары логика, әуен, есеп, астрономия, экономика, саясат, әскер сынды бағыттарда еңбектер жазып атақты империялар құрған. Діни саладағы ғылым мен рухани құндылықтарды дамыту мақсаттары ислам халифаты тұсында кеңінен дамыған. Қазіргі таңда, біздің мемлекетте дәстүрлі исламның ғылыми-теоретикалық әлеуетін дамыту туралы тапсырманы Мемлекет Басшысы тарапынан көтерілген болатын.

Қазақстан сияқты Орталық-Азиядағы үлкен, тарихы терең мемлекетте дін мен ғылымның әлеуетін арттыру, қоғамдағы ағартушылық шаралардың мақсат, міндеттеріне жету үшін ғылыми ізденістердің бағыт, бағдарларын айқындауды жаңарту қажеттілігі өзекті мәселе. Біздің Еліміз секілді сан ғасырлар бойы өркениеттер мен мәдениеттердің тоғысқан ортасында жайғасқан мемлекетте дін мен ғылымның байланысын эмпирикалық ғылыми теориялар, аксиологиялық, гносеологиялық, онтологиялық, бағыттарымен дамыту маңызды. Діни саладағы ғылыми ізденістерді ілгерілету мақсатында бірнеше басымдықтарды назарға алуды ұсынамыз:

«Ислам қаржылық жүйесін дамыту орталығын» - ашу арқылы елдегі сауда-экономикалық, халықтың тұрмыстық жағдайын көтеруге ықпалды өзгерістер жасар еді, пайызсыз несиелер, жарна, лизинг, сынды дүниелерді кең жұртшылыққа жақындатудың тиімді шарасы;

«Ислам мен радикализмнің байланысын ажырату» - жұмыстарын жүйелендіру тәсілімен үздік оңтайлы, пәрменді және бастысы ғылыми-теоретикалық кешенді шаралар арқылы дін атын жамылған радикалды идеологиядан қоғамды сауаттандыру қадамдар нақты нәтижелер берері айқын;

«Цифрлық сауаттылық арқылы қоғамдық келісімді нығайту» - ресурстық мәліметтер топтамасын құрып, қоғамдағы танымдық пікірлер, ғалымдардың дәрістерін, ізденістері мен жазба еңбектерін жариялап, тиісті деңгейде тақырыптық мағлұматтар жинақтаудың маңызы бар;

«Отбасылық құндылықтарды дәріптеу орталықтары» - жастар арасында мемлекеттің отбасылық саясаттағы ахуалды жақсарту, отбасылық кеңестер, пікір-алмасулар, мотивациялық тренингтер, психологиялық кездесулерді өткізу арқылы, жас отбасыларға көмек ұсыну жұмыстарын қолға алу маңызды болары анық.

Қорытындылап айтқанда, ғылым мен діни құндылықтарды ұштастырған қоғамда зайырлылық ұстанымдарын, диалог пен келісімді нығайту бағытындағы басты қадамдары болары анық. Халқымыздың асыл тұлғасы, ғалым, ақын Абай Құнанбайұлы өлеңінде ғылымның орнын үлкен мәртебеге ұштастырған:

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой», – деп анықтаған қазіргі қоғамдағы ғылым мен діни құндылықтардың байланысын нығайтуға әсері бар қанатты сөздері әлі де орынды.

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100004349614617