Еліміздің рухани жаңғыруы аясындағы қазақ халқының этикалық ойының болашағы.

Книги

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Ғылыми кеңесі ұсынған


 Еліміздің рухани жаңғыруы аясындағы қазақ халқының этикалық ойының болашағы. Кітап атауы:
Еліміздің рухани жаңғыруы аясындағы қазақ халқының этикалық ойының болашағы.(1660.7 kB)

Ұжымдық монография. – Алматы:
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2020. – 272 б.

Жұмыстың қысқаша мазмұны: 
Ұжымдық монография рухани қайнардың көзі болған түркілердің этикалық мұрасынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының этикалық ойының мәселелері мен келешегін қарастыруға арналған. Авторлар Ұлы дала ойшылдарының: билер, шешендер, ақындар, жыраулар, сондай-ақ Абай мен Шәкәрімнің этикалық ілімдеріне тарихи-философиялық талдау жүргізеді. Сонымен қатар, монографияның авторлары бүкіл адамзаттың қоғамдық санасын жаңғырту жағдайында жаңа ғаламдық этиканы қалыптастыру мен дамытуға, Шығыс пен Батыстың құндылық негіздері мен тәжірибесін біріктіретін қазақ этикалық ойының әлеуеті мен болашағын анықтауға тырысады.

Қолданылу аймағы: 
Монография қоғамтанушы ғалымдарға, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, докторанттарға, магистранттар мен философия және мәдениеттану мамандықтарының студенттеріне, сондай-ақ қазіргі әлемдегі қазақ философиясының, этикасы мен моралінің тағдырына қызығушылық танытатын оқырмандардың кең ауқымына арналған.
Жалпы редакция:
А.Қ. БижановҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, саяси ғылымдарының докторы, профессор

Рецензенттер:
Г.Ж. Нұрышева, философия ғылымдарының докторы, профессор
Д.Ө. Құсайынов, философия ғылымдарының докторы, профессор

Авторлық ұжым:
Г.Ғ. Барлыбаева, философия ғылымдарының докторы (ғылыми жетекші) – Кіріспе, қорытынды, 2.2, 2.3;
К.М. Қоңырбаева, философия ғылымдарының кандидаты – 1.1, 2.1;
Г.Р. Қоянбаева, философия ғылымдарының кандидаты – 3.3;
А.Д. Мейрманов, гуманитарлық ғылымдар магистрі – 1.2, 2.4;
Д. Дариябек, PhD докторы – 2.5, 3.2;
Г.И. Нүсіпова, гуманитарлық ғылымдар магистрі, PhD докторант – 3.1,
Д.Р. Шайдулина, гуманитарлық ғылымдар магистрі – 3.1.