2024 жыл мамырдың 20-29 аралығында AP 14870599 ««Халал» феномені және зайырлы мемлекеттердегі экологиялық сананың қалыптасуы: салыстырмалы талдау» ғылыми жобасының жетекшісі, PhD А.Алтайқызы Ыстамбұл университетінде орналасқан Фараби орталығына іс-сапармен барды. Іс-сапар барысында келесі шаралар жүзеге асырылды: 1) Фараби орталығының директоры және Араб тілі мен әдебиеті бөлімінің профессоры Абудулла Кызылджыкпен кездесу болды. Профессор Кызылджык теология, араб тілі мен шешендік өнері, шығыс әдебиеті сияқты ғылыми бағыттарда зерттеу жұмыстарымен айналысады. Осы орайда, шығыс әдебиетіндегі жоба тақырыбы аясында қандай еңбектерге назар аудару керектігі туралы кеңес берді. «Халал» түсінгі мен феномені аясындағы ислам құндылықтарының адам мәдениеті мен қоршаған ортамен байланысын реттеуге қалай әсер ететінін анықтау мақсатында қасиетті жазбалардағы мәтінге герменевтикалық талдау жасау барысында араб тілінің қандай тілдік ерекшеліктеріне назар аударды. Сондай-ақ ғалымның авторлық дінтанулық-философиялық маңызы бар кейбір еңбектерімен бөлісті: «Ebu Bekir er-Râzî ve Arapça Eserleri» (2004 ж.), «İbn Verdi (749/1349) ve Tâun Kasidesi» (2020 ж.), «Farabi ve Fusus el-Hikem'e Yapılan Eleştiriler» (2020 ж.), «Star of the World of Philosophy Farabi» (2019 ж.), «Farabi’nin Hayatı, Eserleri ve Kitab el-Musîka el-Kebîr Adlı Eserinin Tıpkı Basımı» (2017) және т.б. С этими трудами мы ознакомились в центральной библиотеке Стамбульского университета. 2) Сонымен қатар, Фараби орталығының әріптесі профессор Абдулуақап Қара мырзамен бірнеше кездесу болды. Профессор Қара – Ыстамбұл қаласындағы Мимар Синан университетінің оқытушы ғалымы. Түркияда Қазақстандық студенттер мен ғалымдардың әріптестіктерін қолдап, әртүрлі бағдарламалардың жүзеге асуына ат салысып жүрген түрік академиялық саласының белсенді өкілі. Қара мырза Түркиядағы қазақ диаспорасының өкілі болғандықтан қазақ және түркі дүниетанымы мен тарихына қатысты зерттеулерге ерекше көңіл бөліп, кітаптар шығарумен айналысады. Еңбектерін жергілікті шәкірттерге таратады. Жақында қазақ зияткерлігінің жарқын өкілі Мұстафа Шоқай туралы кітабы төрт тілде (түрік, ағылшын, неміс, француз) жарық көрді. Осы және басқа да ғылыми еңбектері туралы қызықты ғылыми кездесу болды. Абдулуақап Қара мырза Философия, саясаттану және дінтану интитутының бірқатар жылдар бойы басшысы болған академик Абдумалик Нысанбаевтың еңбектерімен жақсы таныс. Сонымен қатар профессор Рүстем Қадыржановпен кәсіби деңгейде жақсы байланыста екенін айтты, оның ұлт бірегейлігі мен құрылысы тақырыбындағы жобасына өз пікірін білдірді. Болашақта осы байланыстарды одан әрі дамытуға, келесі Алматыға сапарында Институттың ғалымдарымен кездесуге қызығушылығын білдірді. PhD А. Алтайкызы