Комитета науки министерства образования и науки Республики Казахстан
наукакз
Новости/Анонсы: 
 
Период:    по:  
2019 жылдың 15 наурызында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты «Қазақстандық философиялық конгресс» ҚБ бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы (2017 жылдың 31 қаңтары) мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында (2017 жылдың 12 сәуірі) айтылған идеяларды іске асыру шеңберінде «Жаңа жаһандық шындық және тарихи сананы жаңғырту мәселелері» атты дөңгелек үстелді өткізеді.
Дөңгелек үстелдің барысында жаңа жаһандық шынайылықты қалыптастырумен байланысты анағұрлым өзекті философиялық, дінтанулық, саяси, құқықтық мәселелерді, атап айтқанда, жаңғырту мәселелерін, тарихи сананың барлық деңгейіндегі трансформацияларды (тұлғалық, топтық, қоғамдық), философия, ғылыми әдістеме, білім, бірегейлік, руханилықпен және мемлекеттік құрылыспен байланысты мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.
Дөңгелек үстелді Институт директоры – саяси ғылымдарының докторы, профессор А.Қ.Бижанов алғы сөзбен ашып береді.
Ғылыми форумға ҚР БҒМ ҒК ФСДИ ғылыми қызметкерлері, Алматы қаласы ЖОО ұстаздары, ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері, PhD докторанттар, магистранттар және басқа да мамандар қатысады деп жоспарлануда.
Дөңгелек үстел материалдарына философия, саясаттану, әлеуметтану, экономика және құқық саласындағы ғалымдардың баяндамасы еніп, оны алдағы уақытта жинақ түрінде шығару жоспарланып отыр.
Ғылыми іс-шара қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.
Өтетін орны: «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапхана, конференц-зал (Алматы қ, Шевченко көш, 28, 3-қабат)
Тіркелу: 09:30 – 10:00.
Дөңгелек үстел жұмысы: 10:00 – 12.00
Электронды мекен-жай: dinara.jan@bk.ru

Байланыс үшін: Ұйымдастыру комитеті: 050010, Алматы қ, Құрманғазы көш, 29, 3 қабат, 313 каб, Философия бөлімі. Тел. 8 (727) 272-59-10 (52-61); fax: 272-59-10;

Жауапты қызметкерлер: Жанабаева Динара Мұхтарқызы, Ибраимова Әсем Аязбайқызы. Тел.: 272-59-10.

АНОНС