Өркениетті қоғам құру өте маңызды

28.11.2022

Өркениетті қоғам құру өте маңызды

Өркениетті қоғам құру өте маңызды

Бақытжан САТЕРШИНОВ, философия ғылымының докторы, профессор:

«Біз ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыру аса маңызды. Жаңа сайлау науқанының мерзімдерін және оның ретін елге ашық жариялау шешім қабылдау кезіндегі ашықтық қағидатына сай келеді. Осы қадамның бәрі біздің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» атты басты формула­ мызды біртіндеп нақты мән-мазмұнмен байыта түседі». Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан үзінді.

Сөз жоқ, мықты мәлімдеме, шынайы жүзеге асқан жағдайда аса көрнекті мем­ лекеттік қайраткер ретінде тарихта қалуға зор мүмкіндік береді. Саяси-құқықтық тұрғыдан, әлеуметтік-этикалық тұрғыдан әділдікке жету – өркениетті қоғам құрудың алғышарты. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын Жерұйыққа», мамыра­ жай заман мен қоғамға жету бар адам­ заттың арман-аңсары емес пе?! Әділет­ сіздік пен қиянат, озбырлық пен тирания қаншама қантөгіске, қақтығыс пен төңкеріске әкелді.

Теңдік пен демократиялық ұстындарға, барша электораттың дауысы ескерілетін әділ сайлауға сүйенген республикалық парламентаризм мемлекеттік басқарудағы озық үлгі саналады. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастыруға бірнеше ғасыр ұмтылған батыстық өрке­ ниеттің жеткен жетістігі. Адам мен аза­ маттың табиғи ажырамас құқықтарын алаламайтын теңдігі, өз құқығымен қатар өзгелер және қоғам алдында жауаптылық жүктейтін міндеттердің болатыны, қоғамдық игіліктің бәріне бірдей үлестірілуі, нарықтағы мүмкіндіктер теңдігі, жазалау мен бағалаудың туралығы және т.б. – қазіргі замандағы «әділет» ұғымын айқындайтын түсініктер осылар.

Десек те, «әділдік» пен «әділ басқарудың» дін мен дәстүрде анағұрлым кең түсініктері де бар. Дана Абай әділетті «Тәңірінің ісі», «хақ жолы» дейді. Ислам қайнар көздері мемлекеттік басқарудың қандай да бір формасын нақты айтпаса да, адалдық, шынайылық, турашылдық ұғымдарымен қатар, әділдік туралы айтады. Керек десеңіз, Әділ деген Жаратушы Алла Тағаланың бір сипаты. Алла Тағаланың әділдігі турасында Құран Кәрімде үш жүздей аят кездеседі екен.

Ислам дініне сәйкес, адамның бұл жалғандағы әрбір амал-әрекеті дәптерге жазылады, Қиямет күні Әділ сипаты паш етіледі, «Судың да сұрауы бар» дегендей, әркім таразыға түсіп, есепке тартылады. Әр нәрсені өзіне лайықты ұстану/ұстанбауына, ақиқаттан ауытқу/ауытқымауына, біреудің хақысына кіру/кірмеуіне қарай өзінің лайықты түпкілікті бағасы мен жазасын алады. Қоғамды басқару мен күнделікті өмірдегі әділдіктің үлгісін Мұхаммед Мұстафа (с.а.с) мен төрт әділ халифтер көрсеткен. Мемлекеттік қызмет­ ке тағайындау дәстүрлі қоғамда кеңестің (шураның) және жамағаттың (қара халық­ тың) келісімімен жүзеге асқан.

Әлеуметтік өмірде туындаған дау бойынша халық арасында әділдігімен көзге түскен адамға жүгінген, осылайша билер институты, дала демократиясы қалыптасқан. Бүгінгі Батыс республикалық басқару формасын жоқтан жасаған жоқ, көне Римнің тәжірибесінен алды. Бізге де ұлттық дәстүрлі болмысымызда бар табиғи тәжірибені ескеруіміз керек.

Әділетті Қазақстан құрамын деген, оның саяси және конституциялық арнасын белгілеп қойған Қасым-Жомарт Кемелұлының талабына нұр жаусын дейміз. Мем­ лекеттік қызметтің ең маңызды баспал­дақтарынан өтіп, халықаралық деңгейдегі лауазымды иеленіп, ар-абыройын сақтай білген, зайырлы жиындарда білімі мен адамгершілік әдебін көрсетіп жүрген, қажылықты айтпағанда қазақ халқының рухани көсемдері мен әулие тұлғаларын зиярат етіп насихаттап жүрген көшбасшымыз келешекте әділдіктің туын желбіретер деген үміттемі.

Газета «Almaty Aqshamy» №140 (6275) 26 қараша, 2022 жыл

https://almaty-akshamy.kz/uploads/files/2022/11/n140.pdf