ЕҢБЕК СІҢІРГЕН МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДА

17.11.2022

ЕҢБЕК СІҢІРГЕН МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДА

ЕҢБЕК СІҢІРГЕН МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДА

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлының 2022 жылғы 14 қазандағы Жарлығы бойынша Философия, саясаттану және дінтану институтының Бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, философия ғылымдарының докторы СЕЙТАХМЕТОВА НАТАЛЬЯ ЛЬВОВНА

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Н.Л. Сейтахметова 200-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Әбу Насыр Әл-Фараби шығармаларының 10 томдық жинағының (қазақ тілінде) авторлық ұжымының мүшесі. Халықаралық гранттардың иегері: "Еуро-Ислам диалогы"; DAAD стипендиаты (Берлин еркін университетіндегі ғылыми тағылымдама, 2005 ж., 2015 ж.); ҚР Білім және ғылым Министрлігінің"ЖОО үздік оқытушысы 2009" грантының иегері. Сейтахметова Н.Л. «Адам әлемі» философиялық және қоғамдық-гуманитарлық журналының бас редакторы.

• 2009 – «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты

• 2014 – «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісі

•2014-ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль.әл-Фараби

•2005, 2015 – Германия Федеративтік Республикасының DAAD желісі бойынша халықаралық грант: "Евроислам диалогы", DAAD стипендиясының иегері

• 2013-Ұлттық ғылыми зерттеу біріншілігінің алтын медалінің иегері (Лондон, Ұлыбритания)

• 2013-Еуропа-Азияны зерттеу бойынша біріншілік медалінің иегері (Лондон, Ұлыбритания)

• 2017-ҚР Білім және ғылым Министрінің «Құрмет грамотасы»

• 2021-Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж. Тоқаевтің Алғыс хатымен марапатталған.

 

https://www.facebook.com/CenterForReligiousStudies/