ҚАМҚОР ЕЛГЕ АЙНАЛУДЫҢ АЙҚЫН ҮЛГІСІ

27.09.2022



ҚАМҚОР ЕЛГЕ АЙНАЛУДЫҢ АЙҚЫН ҮЛГІСІ

Зарема ШУКЕНОВА, ҰҒА вице-президенті, әлеуметтану ғылымдарының докторы

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауы реформаларды дәйекті енгізу қағидатын сақтай отырып, күн тәртібінде тұрған кезеңдік жаңғыртудың бағытын жалғастыруда.
Өткен жолдауларда мемлекеттік жүйені реформалаудың заңнамалық және саяси-институционалдық аспектілері кеңінен белгіленсе, биылғы реформалар экономикалық және әлеуметтік саланы қамтыды.

    Ұлт саулығын қамтамасыз ету бойынша МƏМС сияқты мəселе көтерілді. Сарапшылар мен қоғам тарапынан түрлі сын-пікірлерге тап болып жүрген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жаңа шешімдерді қажет етеді. Азаматтардың медициналық көмектің нақты қолжетімділігі, медициналық көмектің кепілді жəне сақтандырылған көлемін түсінуі туралы мəселелер күн тəртібінде өткір тұр. Сондықтан оның Жолдауда қозғалуы сақтандырудың əрбір азамат үшін ашық əрі түсінікті тəртіпке бағыттайды.

Ерікті медициналық сақтандыру механизмін құру бастамасы да маңызды. Біз білетіндей, ол Еуропа елдерінде белсенді түрде қолданылады. Оны Қазақстанға енгізу кезінде ескеретін реттеудің бірнеше түрі бар. Олардың ішінде халықтың табыстарына, жұмыс түріне жəне т.б. өлшемдерге тəуелді субститутивтік, қосымша немесе параллельді сақтандыру. Кейбір елдерде медициналық сақтандырудың аралас түрлері адамдарға салық жүктемесін азайту мақсатында салық шегерімдері кезінде сақтандыру жарналарын есепке алуға мүмкіндік береді.

Əлеуметтік блокта денсаулық сақтау мəсе лелерімен қатар, атқарушы биліктің азаматтар сұранысын анықтай тын жекелеген мəселелер енгізілді.

Біріншіден, əйелдердің зейнеткерлік жасын алдағы 6 жылда 61 жасқа төмендету халықтың сұранысын қанағаттан дырады. Бұл ретте, əйелдердің зейнетке ертерек шығу қажеттілігінің негізгі себеп терінің бірі – əрбір əйелдің жұмыспен қатар үй шаруасының екі есе ауыртпалығы барын ескерген жөн.

Азаматтық қоғам ретінде біздің міндетіміз – гендерлік қатынастардың жəне атаана институтының жаңа моделін дамыту. Қоғамда ер-азаматтарды саналы əке, үй шаруа шы лығына да тең үлес қосатын қамқор отағасы ретінде қабылдайтын сана лық өзгерістерді ынталандыру керек. Мысалы, ер адамның декреттік демалысқа шығу мүмкіндігі заңнамалық тұрғыдан бекітілген. Өткен жылдың өзінде 3,5 мыңға жуық ер адам декреттік дема лысқа шығып, осы мүмкіндікті пайдаланды. Осылайша, əлеуметтік стереотип тердің прогрессивті өзгеруі əйелдердің жеке дамуы мен жеткілікті табысқа ұмтылысына, моральдық жəне денсаулық мүмкіндіктеріне оң əсер етеді.

Екіншіден, бастама келер жылдан бастап бала күтімі бойынша төлем мерзімін бір жарым жылға дейін ұзарту көзделген. Қазіргі уақытта бұл төлемдер баланың 1 жасқа толуына дейін төленеді. Аталған төлемдердің ұзартылуы кез келген отбасы үшін жақсы қолдау, ал баланың дамуына оң əсер ететіні сөзсіз. Оның үстіне, бұл əйелді ішінара қаржылық тəуелділіктен қорғайды.

Жолдауда халықты қолдауға бағытталған инновациялық шараларды қолға алу жөніндегі тапсырмалар да лайықты көрініс тапты. Билік пандемия кезінде төлемдер мен халықты қолдаудың барлық қиындығын ескерді. Сол бағытта Мемлекет басшысы 2020 жылы «əлеуметтік əмиян» жүйесін жəне отбасының цифрлық картасын құруды тапсырған еді.

Осылайша, «əлеуметтік əмиян» жобасы 2023 жылдан бастап бүкіл ел бойынша жүзеге асады. Өткенде ол қанатқақты режім де жүзеге асырылды. Бұл жүйе азаматтар дың шотына электронды ақша түрінде түсетін əлеуметтік төлемдерді тиімді жəне ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді.

Келесі жылы отбасының цифрлық картаның іске қосылуы отбасыларға өтініш бергенге дейін көмектесуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік картаның тұрғын үй немесе экономикалық өмір сүру жағдай лары сияқты бірқатар параметрді қамтитын дығына байланысты. Егер олардың на шарлағаны анықталса, мемлекет көмек ұсына алады. Біздің ойымызша, бұл бағыт тағы келесі қадам деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді реттелу болу керек.

Құжатта қарастырылған əлеуметтік шаралардың барлығын санамалап шығу, əрине, көп уақыт алады. Бірақ бұл Жолдау тəуелсіз Қазақстанның тарихында «балаларға жолдау» ретінде қалары сөзсіз. Өйткені балалардың өмірі мен болашағын жақсарту мақсатында Президент бірегей шараларды қолға алды.

Бұл «Ұлттық қор – балаларға» жаңа бағ дарламасының бастауы. Осы теңдес сіз бастама Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінен балалар кəмелеттік жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына 50 пайыздық аударымдарды қамтиды. Бұл бағдарламаның нəтижесі балалардың ғана емес, бүкіл Қазақстанның келешегіне зор кешенді əсер етеді. Яғни ұлттық байлығымыз балалардың дамуына сөзсіз қолдау көрсетеді. Білім беру немесе тұрғын үйге арналған алғашқы капитал əлеуметтік жеңілдіктерге қол жеткізудегі əлеуметтік теңсіздікті азайтады. Сондай-ақ өмір сүру қажеттілігін жəне баламасыз табыстарды есепке алмай, дербес өмірге жақсы бастама береді.

Осылайша, Жолдаудың жалғыз əлеу меттік бөлігі ғана жаңа гендерлік жəне əлеуметтік көзқарастардың негізіне айналады. Бұл, түптеп келгенде, биліктің қамқор елге көшу үрдісінің айқын екенін аңғартады.

Газета «EGEMEN QAZAQSNAN» № 184 (30413) 27.09.2022

 

https://egemen.kz/pdfs/2022/09/27/27.09.22.pdf