БАҒДАР – АЙҚЫН, МАҚСАТ – МІНСІЗ

20.09.2022



БАҒДАР – АЙҚЫН, МАҚСАТ – МІНСІЗ

Әділ ЖҮНІСОВ, саясаттанушы

1 қыркүйек күні Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Президент халыққа Жолдауын жария етті. Үндеуде балалар туралы жақсы бастамалар айтылды. Нақтырақ айтқанда, алдағы уақытта ұлттық қордың 50%-ы туылған бала 18 жасқа толғанша жеке шотына аударылып отырылатын болады. Бұл өте керемет, өйткені біз болашағымызға көп көңіл бөліп жатырмыз. Егер болашағымызға алаңдайтын болсақ, онда балалардан бастау керек. Президенттің Жолдауы біздің әлеуметтік өмірімізді жақсартуға бағытталған болатын. Студенттер мен өсіп келе жатқан балаларға көп көңіл бөлінді. Дұрыс! Себебі, қызыл дипломы бар кейбір жас мамандар базарларда жұмыс істеп, күндерін көріп жатыр және сауда үйлерінде немесе күзетте жұмыс істейді. Қазір барлық жастарды мамандық бойынша жұмыспен қамту үшін өндірістік күштерді бөлуді ойластыру керек.

Газета   ГАЗЕТА «АЛМАТЫ АКШАМЫ»

№108 (6243) 20 қыркүйек, 2022 жыл

https://almaty-akshamy.kz/uploads/files/2022/09/n108.pdf