Әділетті сайлау – ел болашағы

19.03.2023



Әділет

 ті сайлау – ел болашағы

Нүсіпова Г.И.

Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD

 

Сайлау  - мемлекеттің бағыты мен болашағын анықтайтын маңызды қадам болғандықтан дұрыс таңдау жасау еліміздің ертеңіне бей жай қарамайтын әрбір қазақстандық азаматтың міндеті.  Бүгінгі тарихи сәтте ҚР Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына менде азаматтық борышымды өтеп, өзімнің таңдауымды жасадым. Сайлау учаскелерінде оң өзгерістерді қалайтын халық белсенді. Бұрынғыдай сайлау алдында ғана жарқ етіп кейін жоқ болатын депутаттар сияқты емес, бүгінгі әрбір үміткеріміз ел алдында үлкен жауапкершілікпен қадам жасағанын, оған артылар салмақтың жүгі ауыр екенін, өздерін ел ертеңінің кепілі екенін сезініп, ел аманатын, халық сенімін ақтайды деп ойлаймыз. Еліміздің тыныштығы мен ынтымағы нығайа берсін! Бұл сайлау – Жаңа, Әділетті Қазақстанды құрудың жаңа тарихи қадамы, жаңа мүмкіндігі деп сенейік.