Маңызды істер күтіп тұр

30.03.2023



Маңызды істер күтіп тұр

Жаңадан сайланған Парламент депутаттарының құрамы үшін алдағы бес жыл күрделі сынаққа толы жыл болмақ. Себебі өткен жылы басталған еліміздегі күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды одан әрі іске асыру жаңа Парламент құрамына жүктеледі.

Атап айтқанда, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және әл-ауқатын жақсарту, білім беру, әлеу­мет­тік саясат пен денсаулық сақтау сала­сындағы реформаларды тиімді іске асыру, заман талабына сай әді­летті демократиялық мемлекет институтын қалыптастыру бағытында алға қойған мақсат-міндеттерді атқа­ру бойынша қыруар жұмыстар кү­тіп тұр.

Парламентке өткен алты партия­ның өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламалары мен халыққа берген уәде­лерінде жоғарыда аталған елдегі жалпы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің түрлі жолдарын көрсеткен болатын. Осы орайда әр партияның өздерінің сайлауалды бағдарламаларының орындалу сапасы қазақстандық қоғамда сайлаушылар тарапынан қатал қада­ға­ланады. Бұл өз кезегінде осы мер­зім­ге сайланған депутаттардың қо­ғам­дық-саяси өмірдегі белсенділігі немесе өздерінің бағдарламалары мен уәделерін орындамауы сөзсіз бірінші кезекте партияның беделіне, яғни оның келесі электоралды кезеңге өту-өтпеуіне тікелей әсерін тигізеді. Сондықтан алты партиядан сайлауға түскен депутаттар үшін бұл кезең ха­лық алдында барынша көзге түсіп, ел­дің дамуында өзінің барынша үле­сін қосатын мүмкіндікке толы сынақ мерзімі болатыны анық.

 

Нұркен АЙТЫМБЕТОВ,

Философия, саясаттану және дінтану институтының

жетекші ғылыми қызметкері, PhD 

 

https://egemen.kz/article/338866-manhyzdy-ister-kutip-tur