ӨЗГЕРІСТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА

27.09.2022



ӨЗГЕРІСТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА

Саясат БЕЙІСБАЙ, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас сарапшысы

Жапон философиясында «Өзгерісті өзіңнен баста» деген қағида бар. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев осы қағиданы берік ұстанып отыр. Елге жетекшілік ететін басшының өз туыстарын билікке тартпау, Президент ман датын бір мәрте ғана жеті жылға белгілеу, елге әділетті, адал қызмет ету, жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұруға үндеу – Жолдауда кӨпшіліктің көкейіне қонған қағидаттардың бірсыпырасы осылар.

Елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтетін күн белгілі болды. Алда үлкен өзгерістер күтіп тұр. Президент сайлауынан кейін Парламент, жергілікті мəслихат сайлаулары да, Үкімет құрамын қайта жасақтау секілді ауқымды шаралар күн тəртібінде тұр. Мемлекет басшысы халыққа жасаған үндеуінде осының бəрі демократия жолымен, əділ сайлау арқылы жүзеге асырылатынын айтты.

Қарапайым халық адалдықты, əділдікті арман етеді. Патшалардың қара қылды қақ жарған əділетті, турашыл болғанын қалайды. Мемлекет басшысын неге халық болып сайлайды? Өйткені сол халықтан ақылды, білімді, көзқарасы берік, талабы мықты адамды таңдап алғысы келеді. Солай болуы керек те. Сонда ғана президенттер халықтың игілігін ойлайды.

Ел ішінде «Ескі кадрлармен Жаңа Қазақстанды қалай құрамыз?» деген ойлар айтылып жүр. Орынды пікір. Сөйтсе де ескінің бəрін бір сəтте сыпырып тастап, түгел жаңалайын деп отырған ешкім жоқ. Халық арасында тəжірибелі, ойлы, халыққа шын жанашыр, мемлекет мүддесін ойлайтын, адал қызмет ететін, əділетті жолмен билікке келе алатын азаматтар баршылық.

Осы жолы халық Президент сайлауында үлкен белсенділік танытады деп сенемін. Жұртшылық бұдан былай Президентті екі рет сайлауға жол бермейді. Бұл норма Конституцияда анық айтылған. Енді жаңа саяси партиялар белсенді шыға бастайды. Бұл дегеніңіз, алдағы уақытта бір-бірімен бəсекелесе алатын саяси ұйымдар өз кандидаттарының арасынан мықты тұлға ларды алға тартады деген сөз. Ата Заңға сəйкес Президент бір рет қана сайланатын болса, ескіге, əділет сіздікке жол берілмейді. Демек алда ғы жеті жылда Қазақстанда үлкен өзгерістер болады.

Президент сайлауына өзін-өзі ұсынатын, тіпті партияда жоқ азаматтар да сайлауға түсе алады. Ол мүмкін, депутат, министр, қоғам қайраткері де, тіпті қарапайым, ойы бар азамат та болуы мүмкін. Меніңше, Президент мемлекеттік тілді жетік меңгерген, елдің дамуына, мемлекеттің қауіпсіздігіне, Қазақстан халқына əділ де адал, жан-тəнімен қызмет етуге дайын азамат болуға тиіс.

Президент сайлауы – еліміздегі ең басты саяси оқиға. Бұл сайлауға кез келген оппозициялық күштер де қатысады. Бұл нағыз демократиялық көрініс. Əрбір саяси партия күреске дайын болуға тиіс. «Елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертеміз», деді Қ.Тоқаев. Демек бүкіл құрам жаңарады. Сенім мандаты халық сеніміне жұмыс істейді. Осыдан барып халық сенетін билік, əлеуметтік əділеттілік қалыптасуы керек. Экономикалық саясат дұрыс болса, ол елдің дамуын жаңа сатыға көтереді.

Мықты бəсекелес бола алатын, сайлауалды бағдарламалары өтімді, сенімді үміткер ғана халықтан қолдау табады. Халық əділ сайлауды күтеді.

Газета «EGEMEN QAZAQSNAN» № 184 (30413) 27.09.2022

https://egemen.kz/pdfs/2022/09/27/27.09.22.pdf