ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

22.09.2022

ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Лаура ТОҚТАРБЕКОВА, PhD философия докторы

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында халық игілігіне қа- жетті бірталай маңызды әлеуметтік мәселелер көтерілді. – Жастарға жан-жақты қолдау көрсету. Жаңа Қазақстанның бола- шағы жастар болғандықтан, оларды жұмыспен қамтамасыз ету, кәсіп- керлік бастамалары үшін 2,5 пайыз- бен несие беру – құптарлық. Алай- да, тек кәсіпкерлік үшін ғана емес, жастардың басты мәселесі баспана болғандықтан, оларға тұрғын-үй жағдайын түзету үшін де 2,5 пайыз- да несие берілгені дұрыс. – Әрбір балаға кәмелеттік жасы- на толғанға дейін Ұлттық қордан қаражат бөлу. Бұл жинақталған қа- ражат жеткіншектің білім алуы мен үй сатып алуына жұмсалады. Егер бұл бастама шынымен іске асыры- латын болса, көптеген әлеуметтік жағдайы төмен отбасы үшін үлкен көмек болатыны анық. – 32 аудандық аурухананы то- лық модернизациядан өткізу. Дені сау ұлт сау мемлекет дегендей, ем- ханалар мен ауруханалардың қазіргі жағдайы мәз емес екендігі баршаға мәлім. Сондай-ақ, кейбір ақылы не- месе ақылы емес емдеу орталықта- рында отырған жас дәрігер маман- дардың кәсіби деңгейлерінің төмендігі де белгілі. Бұл орайда, резидентура үшін гранттарды 70 пайызға көбейту оң шешім. – Орта білім беру сапасын арт- тыру. Әлі толықтай шешілмеген мәселе – Алматы, Астана және т.б. қалалардың кейбір аудандарында мектеп тапшылығы. Сыныптарда оқушы саны 30–32-ден асып кет- кен, бастауыш сыныпта оқитын оқушылар санының көптігінен үш ауысымнан оқиды. Біз «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын шартты орындау барысында, 150– 200 түтіннен аспайтын шағын ауылдарда 1000 орынды мектептер салынып, қаңырап бос тұрғанын да білеміз. Осы қателікті қайталамау үшін халық саны көп аудандар мен ауылдарға ғана мектептер мен ау- руханалар салу керек. – Мектепке дейінгі тәрбие мәсе- лесін басты назарға алу. Балабақша тәрбиешілерінің әлеуметтік мәрте- бесін арттырып, жалақысын кө- бейтіп, жұмыс жүктемесін азайту, ең бастысы, балабақшаны емес, сонда қызмет ететін тәрбиешіні аттестация- дан өткізу жұмыс берушінің білікті маманды жұмысқа алуына кепілдік береді. Өйткені, соңғы кездері әлеу- меттік желілерден балабақша тәр- биешісінің немесе күтушісінің балаға жасаған психологиялық, физикалық қысым көрсетулерінің куәсі болуда- мыз. Оның себебі – мемлекеттік не- месе мемлекеттік емес балабақшаға педагогикалық білімі бар немесе университетті енді бітірген, жұмыс таппай жүрген кез келген адамды жұмысқа қабылдай береді. Өйткені, тәрбиешілер мен тәрбиеші көмекші- лерінің жалақысы аз болғандықтан, оған арнайы мектепке дейінгі білімі бар маман өздігімен келмейді. Сон- дықтан тәрбиешілер мен тәрбиеші көмекшілерінің біліктілігін тексеру үшін аттестациядан өткізу маңызды

Газета «ALMATY AQSHAMY»   №109 (6244) 22 қыркүйек, 2022 жыл

https://almaty-akshamy.kz/uploads/files/2022/09/n109.pdf