Вырезки из выступления главы государства касательно Министерства Науки и Высшего образования РК

16.11.2022



Вырезки из выступления главы государства касательно Министерства Науки и Высшего образования РК.

1. Вопрос управления сферой Науки, в том числе НАН РК. Проблема малого количества молодых ученых и пересмотра состава научного сообщества.

Цитата:

«Алматы – ғылым мен білімнің ордасы. Отандық ғылымды дамыту мәселесі – үнемі менің жеке назарымда. Бұл саланың еліміз үшін айрықша мәні бар. Себебі, ғылымның бүгінгі дамуы – елдің ертеңгі табысының кепілі. Өкінішке қарай, бізде ғылымды басқару ісі жолға қойылмаған. Мен бұл туралы Ұлттық академияның 75 жылдығына арналған жиында айттым.

Бүгінде отандық ғылымда жас ғалымдардың саны көп емес. Дамуға серпін беретін әлеуетті ғылыми институттар да өте аз. Егер әлемдік дамуда көш соңында қалмаймыз десек, ең алдымен, ғылымды дамытуымыз керек. Сондықтан, ұлттық ғылымды жаңа деңгейге көтеретін мезгіл жетті. Жасыратыны жоқ, қазір ғылыми атағы бар, бірақ ілім-білімге мүлде қатысы жоқ адамдар көбейіп кетті. Елімізге өмір жолын ғылымға арнаған, нақты ғылыми жетістігі бар адамдар керек.

Отандық ғалымдар құрамын жаңарту қажет. Бұл – уақыт талабы. Нағыз ғылымға мүлдем қатысы жоқ адамдардан арылуымыз қажет. Олардан ешқандай пайда жоқ, ғылымға кері әсері тиеді. Сондықтан, Ғылым академиясына ғылымға жаны ашитын, ғылыми әлеуеті зор азаматтарды ғана көптеп тарту қажет»

2. Отечественная экономика и производство должна развиваться благодаря достижениям науки. Создание Национального совета по науке и технологиям при Президенте.

Цитата:

«Біз ғылым мен өндірісті ұштастыру туралы жиі айтамыз. Бірақ ондай байланыс әлі де орныққан жоқ. Ащы болса да, мұны мойындауымыз керек. Отандық өндірісті өркендету үшін ғылыми инновациялар, жаңалықтар қажет. Ғалымдарымыздың еңбегі сапалы өнім шығаруға немесе өндірісті тиімді етуге тиіс. Сонда ғана экономикамыз дамиды.

Осы орайда, мен тағы бір маңызды бастама – Президент жанынан Ғылым мен технология мәселелері жөнінде ұлттық кеңес құру жөнінде шешім қабылдадым. Оған еңбектері жұртшылыққа кең танымал, ғылыми ортада өте беделді ғалымдарымыз мүше болады. Бұл құрылым ғылым мен технология саласындағы саясаттың басымдықтарын айқындайды. Президент Әкімшілігі, Ғылым және жоғарғы білім министрлігі тиісті жұмысты ұйымдастыруы қажет. Бұл мәселе менің жіті назарымда»

3. Вопросы молодежи. Распределение грантов.

Цитата:

«Позавчера я встречался с представителями молодежного движения «Новые люди». Ребята сами организовались, вдохновленные идеей создания справедливого Казахстана. Они убеждены, что новую страну должны строить люди с обновленной системой ценностей, основанной на трудолюбии и деятельном участии в судьбе Родины.

Молодежь сегодня другая. Мне нравится, что многие молодые люди сегодня не ждут помощи от государства, а наоборот хотят сами быть полезными для своей страны. Конечно же, Казахстан – это социальное государство, и мы всегда будем поддерживать наших граждан, особенно социально уязвимых. Но перекладывать ответственность за собственное благополучие на государство или общество нельзя.

Нельзя добиться успеха, целыми днями лежа на диване или бесцельно проводя время в смартфоне. Государство не может взять каждого за руку и отвести учиться или устроить на работу. Ни в одной стране такого нет. Одна крупная зарубежная нефтегазовая компания специально выделила 1000 мест для наших граждан для работы вахтовым методом с достойной зарплатой. К сожалению, 50 человек откликнулись на это предложение. Причина очень проста – никто не хочет куда-то ехать на работу. А в это время жители многих других государств без колебаний едут в глубинку или за рубеж, где берутся за любую работу.

Да что говорить, некоторым регионам государство выделяет специальные гранты для обучения в центральных вузах страны. Из 10 тысяч использовано меньше четверти грантов. Государство предоставляет гражданам и работу, и гранты, нужно просто использовать эти возможности»

4. Вопросы воспитания молодежи должны идти параллельно образованию.

Цитата:

«Үшінші. Біз жастарға озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беруге тиіспіз. Ұрпақтың бойына адамгершілік қасиетті сіңіре алмасақ, білімнің пайдасынан зияны көп болуы мүмкін. Қанша жерден білімді болса да, жақсылыққа ұмтылмаған адамнан еш қайыр жоқ».

«Еңбегіміз өнімді әрі берекелі болуы үшін біз білімпаз болуымыз керек. Біз өзгелерден білім, ғылым, қарым-қабілет арқылы ғана оза аламыз. Ол үшін жастарымыз жасампаздыққа және жаңашылдыққа ұмтылуы қажет.

Әлем елдерінің жақсы қасиеттерін үйреніп, оны халыққа дәріптеу керек. Сондай-ақ, тек үйренетін емес, өзгеге үйрететін ұлтқа айналатын кез келді»