Философия орталығының әдіснамалық семинары

01.06.2023



Философия орталығының әдіснамалық семинары

01.06. 23

 

Бүгін ҚР ҒЖБМ ҒК ФСДИ Философия орталығында кезекті әдіснамалық семинар өтті. Философия орталығының жетекші ғылыми қызметкері Г.Р.Қоянбаева «Әлеуметтік әділеттілік аясындағы мәдениетті жою құбылысы» атты баяндама жасады. Баяндамада әділеттілік принциптерінің қалыптасуы мен жүзеге асуының өзекті мәселелері талқыланды.

Баяндаманы талқылауға Философия орталығының қызметкерлері: СЕ.Нұрмұратов, Г.С.Омарова, Аяжан Сағиқызы ж. б. белсене араласты.

 

ФСДИ Философия орталығы