РАДИКАЛИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ

25.01.2023



РАДИКАЛИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ

Философия, саясаттану және дінтану институты, Дінтану орталығының ғылыми қызметкерлері Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Радикализмнің алдын алудағы Қазақстан мен Түркияның тәжірибесі: теориялық мәселелер мен практикалық шешімдер» Халықаралық қысқы мектеп іс-шарасында.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті Түркия Дін істері басқармасымен (Diyanet) және Turkiye Diyanet Vakfı қорымен (TDV) бірлесіп, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен 2023 жылдың 23-25 қаңтарында «РАДИКАЛИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ: ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕР» атты Халықаралық қысқы мектеп іс шарасын өткізді.

68350818_n-2.jpg

Халықаралық Қысқы мектеп тиісті мемлекеттік органдардың, ғылыми институттардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, өңірдегі діни радикализмнің алдын алудың неғұрлым өзекті мәселелері бойынша Қазақстан мен Түркияның жетекші сарапшылары арасында тәжірибе алмасу және осы процеске қарсы тұруға бағытталған ұсынымдар әзірлеу үшін ашық пікірталас алаңы ретінде жұмыс жасауды көздеп отыр.

0523227572_n-2.jpg

Қысқы мектептің спикерлері мен модераторлары көрнекті қазақстандық және түрік ғалымдары мен сарапшылары: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейрбаев, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі А.Д. Құрманалиева, Таяу Шығыс зерттеулері орталығының қауіпсіздік саласындағы зерттеулер бөлімінің директоры Гектуг Сонмез (Түркия); «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Құрманбаев Қайрат (Қазақстан); Түркия Ұлттық полициясы Қауіпсіздік туралы ғылымдар институтының докторы Хақан Қайыжы (Түркия); PhD Осман Түрк (Түркия), Халықаралық қатынастар факультетінің профессоры Л.Ф. Деловарова, Х. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Метин Йылмаз және т.б. өз баяндамаларын жасады.

Бұл ауқымды іс шараға Философия, саясаттану және дінтану институты, Дінтану орталығының қызметкерлері қатысып теориялық әдіснамалық тәжірибие жинақтап қайтты.

Center for Religious Studies / Дінтану орталығы