Еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаевтың ҚХА ХХХІІ сессиясында айтқан мәселелерін талқылау бойынша Алматы қаласы ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобының басқосуы өтті.
Философия, саясаттану және дінтану институтында өткен жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, институт ғалымдары, БАҚ өкіл- дері қатысты. Басты тақырып – «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму».
Жиынға модераторлықты – Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамб- леясы ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымы- ның докторы Мұхтарбек Шайкемелев жүргізді.
«Дөңгелек үстелге» жиналғандар еліміздегі этносаралық татулық пен бірлікті нығайту, бейбіт заманның қадірін білу, азаматтардың патриоттық сезімін арттыру сынды ойларды ортаға салды.
– Қазақстан халқы Ассамблеясы көптеген саяси үдерістерден қалыс қалған емес. Үнемі елдің мұң-мұқтажын айтып, келелі мәселелерді орта- ға салып келеді. Дербестік жылдары күшті құрылымы бар, ел-жұрт сөзін тыңдайтын ұйымға айналды, – деді философия ғылымының докторы М.Шайкемелев.
Басқосуда маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге бел- сенді қатысу қажеттігі айтылды.
– Әділетті Қазақстан бастамасы өте бір пайдалы, елге кәделі жұ- мыс істеуде. Тың мүмкіндіктер жүзеге асуда. Ендігі кезекте осы биіктен түспеу қажет. Құр ұрандатпай, ортақ Отанымызды дамытудың тетік- терін қарастыра берген абзал. Ол үшін ең керегі ауызбіршілік, – деді Алматы қаласы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, Қазақстан орыс мәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашев.
Олжас ЖОЛДЫБАЙ.