АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ ҚАЖЕТ

22.09.2022



АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ ҚАЖЕТ

Нүркен АЙТЫМБЕТОВ, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері

   Биылғы Жолдаудың осыған дейінгі жолдаулардан өзгешелігі – халықтың шын мәнінде Жаңа Қазақстанды құру жолында мемлекет тарапынан, ел болып терең әлеуметтік-экономикалық реформалар мен нақты іс-қимылдарға бағытталған бастамаларды асыға күтуі деп айтуға болады. Қазіргі әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси жағ- дайда ел ешінде тыныштықты сақ- тау, экономикалық өсімді үнемі қамтамасыз ету мен әлеуметтік қамсыздандыруды естен шығармау тұрақты даму кепілі болып табылатыны сөзсіз. Президент бұл жолғы өзінің Жолдауында реформалардың нақты бағыттарын анықтау үшін, ең алдымен, жаңа экономикалық саясатты құрудан бастауы сондықтан болар. Президент сөзімен айтар болсақ, бүгінгі күні ел экономикасының дамуын тежеп отырған жүйелі проблемалар мыналар: шикізат өніміне тәуелділік, еңбек өнімінің төменгі деңгейі, инновациялық даму деңгейінің көңілден шық- пауы, табыстың тиімсіз бөлінуі. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Жолдауда ұлттық экономика да- муына кедергі жасайтын осы сынды бүгінгі күннің проблемаларын шешудің мынандай нақты жолдарын ұсынды, олар: «Макроэкономикалық тұрақтылық, экономиканы диверсификациялау , цифрландыру, шағын және орта бизнесті, адам капиталын дамыту, заң үстемдігін қамтамасыз ету». Қазіргі уақытта әлемнің үздік дамыған мемлекеттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ұлттық экономиканы дамыту заманауи инновациялық технологияларды игерумен белсенді ендіруді талап етеді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларын цифрландыру мен авто- маттандыру салықтан түскен та- быстың ашық әрі адал түрде іске асуын қамтамасыз ететіні анық. Сонымен бірге, алдыңғы қатарлы озық инновациялық технологиялар жалпы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қой- май, ел тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін де қажет. Бұл бірінші кезекте цифрлы өрке- ниет заманында адам капиталының дамуымен тығыз байланысты. Шын мәнінде, бүгінгі күні ғаламторға қолжетімділіктің өсуі саяси ақпарат ағынын арттырып, азаматтардың білім мен жаңа заман талабына сай кәсіби шеберліктерді жаппай игеруіне жол ашты. Заманауи коммуникациялық құралдардың қоғамдық өмірге жылдам қарқынмен енуінің тағы бір басым тұсы ретінде азаматтарымыз үшін әлеуметтік-саяси процестер жайлы ақпараттар ағыны- ның еселеп өсуі, азаматтық қоғам институттарының рөлі артуын айтуға болады. Осыған орай, қазақстандық қоғамның жаңа саяси мәдениеті жаһандану процесі жағдайында қалыптасуды бастан өткеруде. Оған айқын мысал ретінде соңғы жылдары қоғамда орын алған әртүрлі проблемалар мен өзгерістерге азаматтардың бей-жай, немқұрайлы қарамайтындығын және оған өз тарапынан баға бере алатындығын көрсетті. Атап айтқанда, үстіміздегі жылы болған түрлі саяси оқиғаларға, мемлекет тарапынан көтерілген жаңаруларға, референдумға белсене қатысуынан қоғамның саяси белсенділігінің артып отырғандығын көруімізге болады. Осы орайда, әлеуметтіксаяси процестерге қазақстандық қоғамның белсенді атсалысуында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ықпалын жоққа шығара алмаймыз. Әрбір үшінші азамат «жастар» категориясына енетін Қазақстан үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жастар арасында қолданысы ғылыми тұрғыда зерттелуі тиісті маңызды тақырыпқа айналып отыр. Себебі , заманауи цифрлы технологиялар елдің әрбір азаматы- ның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналып үлгерді, олар күн өткен сайын біздің өміріміздің әр- түрлі салаларын көбірек қамтып келеді. Атап айтқанда, қазақстандық жастар заманауи цифрлы технологияларды жылдам игеру үстінде және аталмыш жаһандық үрдістің барлық игіліктерін қолдануға мүмкіндік алды. Оған қоса, соңғы жылдары бүкіл әлемде орын алған пандемия салдары жастардың заманауи технологияларды қолдану аясының кеңеюі мен ғаламтордың оларға тигізетін ықпалының одан әрі артуына септігін тигізуде.

Газета «ALMATY AQSHAMY»   №109 (6244) 22 қыркүйек, 2022 жыл

https://almaty-akshamy.kz/uploads/files/2022/09/n109.pdf