Ел басшысы халық бірлігін қалайды

12.06.2024



Ел басшысы халық бірлігін қалайды

   

Қоңырбаева Күлсия Мағражқызы

ФСДИ жетекші ғылыми қызметкері,

философия ғылымдарының кандидаты    


Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына ант беріп, ресми түрде мемлекет басшысы лауазымында қызмет атқарғанына бес жыл толып отыр. Бес жыл белесінде халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатерді бастан кешті.

Covid - 19 коронавирус ауруының пандемиясы,  Қасіретті қаңтар оқиғасы және табиғи апаттарға байланысты төтенше жағдайлардың барлығында ел амандығы мен жер тұтастығын басты құндылық ретінде бағдар етті. Тасқын судан зардап шеккен азаматтардың материалдық шығындарын өтеп, қаржылық көмек көрсетілуде. Осындай қысылтаяң кездерді халқымыз ынтымақ пен бірлік арқылы жеңіп келеді. Сондықтан ауызбіршілік, өзара көмек, ынтымақ қатарлы құндылықтардың маңызы арта түсуде. Ерікті жастардың зардап шеккен аймақтарда аянбай жасаған еңбектері, бизнес өкілдерінің көрсеткен қайырымдылық шаралары, бүкіл елдің шынайы ақ тілегі болашақ ұрпаққа үлгі.

Өмір мен өлім арпалысқан халқымыздың басына түскен сын сағаттарда өзінің парасатты ақылы арқылы сарабдал саясатын жүргізе білді. Халқымыз осы жылдарда тәуелсіздік, татулық, тұрақтылық, тыныштық, бейбітшілік, береке мен бірліктің қадірін түсінді. Талай қиындық туындауы мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 31 мамырында Алматыға жұмыс сапары барысында ғалымдар қауымымен кездесу кезінде, отандық ғылымның тағы бір маңызды міндеті – табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды болжау әрі оның алдын алу екендігін атап көрсетті. Ұлт сапасын жақсарту, адами капиталдың сапасын арттыру ғылым мен білім арқылы болмақ.

Президент зиялы қауым өкілдеріне зор сенім артып отыр. Ел тұтастығы зиялы қауымның бірлігімен, өнегелі өмір жолымен қамтылатыны сөзсіз. Елдік тұғырды берік ұстанған, ұлттық рухы әрқашан асқақтатқан Ел басшысымен тек қана алға қарай ұмтылумыз қажет.