Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді

23.04.2025



Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді

 

 

А. Амребаев

ФСДИ Саяси зерттеулер орталығының директоры

 

 

Түркістанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркіменстан Халк мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми, бірақ мазмұнды кездесуі өтті. Кездесудің негізгі бөлігі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылауға арналды. Басымдықтардың бірі-энергетика саласындағы өзара іс-қимыл.

Мемлекет басшысы «Тургунди – Герат – Кандагар – Спин-Булдак» темір жол құрылысының жобасына назар аударып, аталған жоба табысты жүзеге асса, көлік бағыттарын әртараптандыруға, экспорт нарықтарын кеңейтуге жол ашатынын айтты. Сонымен қатар Солтүстік – Оңтүстік бағытындағы транзит әлеуетін арттыруда «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» темір жол магистралы мен құрылысы жүріп жатқан «Түрікменбашы – Гарабогаз – Қазақстан шекарасы» автокөлік жолы маңызды рөл атқарады.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың барлық бағыты бойынша сан қырлы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасы талқыланды. Өзара сауда-саттық көлемін 1 миллиард долларға жеткізу үшін байланыстарды дамытудың тың мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігі атап өтілді.

 

 

Сілтеме бойынша мақаланың толық мәтіні: https://www.facebook.com/aidar.amrebayev