Ешпанова Д.Д.

126.jpg
Жеке мәліметтері:  Ешпанова Дина Далабайқызы, 1950 жылы 17 тамызда, Қызылорда облысының, Қармақшы ауданының Жосалы станциясында дүниеге келген.

Білімі: Жоғары. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің, Философия-экономикалық факультетін (1967-1972 жж.)
ҚазССР ҒА Философия және құқық институтының күндізгі бөлім аспирантурасын бітірген. (1979-1982 жж.)
далее... ()

Салалық марапаттар: ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісі (2012 ж.)

Ғылыми дәрежесі: философия ғылымдарының кандидаты (1987 ж.)

Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Философиялық-социологиялық анализ қатынасының социолизм еңбегіндегі жетілдіру». ҚазССР ҒА Философия және құқық институтында 1987 жылы қорғаған.

Ғылыми атағы: доцент (2008 ж.)

Еңбек қызметі:
• 1972-1979 жж.- Қарағанды Мемлекеттік Университетінің философия кафедрасының оқытушысы (Қарағанды қ.)
• 1979-1982 жж.-ҚазССР ҒА Философия және құқық институтының аспиранты (Алматы қ.)
• 1983-1985 жж.-Қазақ дене тәрбиесі институтының философия кафедрасының оқытушысы
• 1985-1994 жж.-ҚР ҒА Философия Институтының ғылыми қызметкері
• 1995-1998 жж.-ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері
• 1998-2007 жж.-ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану институтының аға ғылыми қызметкері
• 2007-2011 жж.- БҒМ ҒК Философия және саясаттану институтының жетекші ғылыми қызметкері
• 2011 ж- БҒМ ҒК Философия және саясаттану институтының Қазақстанның әлеуметтік-саяси модернизация бөлімінің меңгерушісі
• 2012 ж-қазіргі уақытта БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының басты ғылыми қызметкері

Қоғамдық жұмысы: БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының профком жетекшісі
Негізгі ғылыми басылымдары: 100-аса ғылыми жариялымдардың авторы. Ұжымдық монографиялар авторы: «Адамдық фактор» (дүниетанымдық аспект), «Қазақ диаспорасы: бүгіні мен болашағы» (2005), «Қазақ қоғамының ұлттық интеграциясының проблемалары» (2008), «Қазақстан жаһандық әлемде: бірегейлікті шақыру және сақтау» (2011). «СОЦИС» журналындағы жарияланымдары: «Қазіргі замандағы Қазақстанның жастарының әлеуметтік келбеті» (№12,2004), «Қазақстанның жастары: оның әлеуметтік дамуының проблемалары» (№5,2008).