Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Ғылым комитеті
Философия, саясаттану және дінтану институты
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2024 жылдың 13-14 қыркүйегінде сағат 11.00-де ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты «Ислам дәстүрі мен мәдениетіндегі толеранттылық дискурсы: тарихи және заманауи контексттер» тақырыбында Халықаралық ғылыми конференция өткізеді.
Халықаралық ғылыми конференция «Қазақстандағы ислам толеранттылығының архитектоникасы: коммуникация және конфессияаралық диалог тәжірибесі» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жобасын іске асыру шеңберінде ҚР ҒЖБМ ҒК гранттық қаржыландыру аясында өткізіледі.
Халықаралық ғылыми конференцияның мақсаты ислам дәстүрі мен мәдениетіндегі толеранттылық тұжырымдамасын зерттеу және талқылау, оның тарихи тамыры мен заманауи көріністерін талдау, сондай-ақ конфессияаралық және мәдениетаралық диалогтың өзекті мәселелерін шешудегі ислам толеранттылығының әлеуетін анықтау болып табылады.
Халықаралық ғылыми конференция тақырыптарының негізгі ғылыми бағыттары:
1. Ислам философиясы мен теологиясындағы толеранттылықтың тұжырымдамалық негіздері.
2. Ислам дәстүріндегі конфессияаралық диалог: тарих және қазіргі заман.
3. Исламдық білім мен тәрбие контекстіндегі толеранттылық.
4. Ислам толеранттылығын дамытудың заманауи сын-қатерлері мен келешегі.
5. Экстремизм мен радикалданудың алдын алудағы исламдық төзімділіктің рөлі.
Халықаралық ғылыми конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Баяндама мәтіндерін 2024 жылдың 10 қыркүйегіне дейін өткізу қажет. Баяндама мәтінінің көлемі 6 беттен аспауы тиіс. Халықаралық ғылыми конференция материалдарын жинақ түрінде басып шығару көзделіп отыр.
Материалдарды төмендегі электронды поштаға жіберу керек: laura80kz@mail.ru
Жауапты: Токтарбекова Лаура Ниязбековна, тел.: +77079111328.
Мақала талаптары: Мақала мәтіні MS Word бағдарламасында теріледі, Times New Roman қарпі, 14 кегль, 1 интервалдан кейін, тасымалданбай, ені бойынша туралау. Жиектері: барлығы - 2 см, азат жол - 1,25. Мәтіндегі бөлімдерді қалың және курсивпен, астын сызып жазуға болмайды.
Мақаланың басында тақырыпты және автор/авторлар туралы мәліметтер (ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс орны, электрондық поштасы). Төменде 1 интервалдан кейін 14 шрифтпен баяндаманың тақырыбы қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.
Әдеби дереккөздерге сілтемелер [1, б. 15] тура жақшаның ішінде көрсетілгендей сандармен беріледі. Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннен кейін беріледі. Файл doc немесе docx пішімінде сақталады. Файл атауы автордың тегі бойынша беріледі. Мысалы, Айдаров.doc.
Тіркеу: 10:00- 10.50. Конференцияның жұмысы: 11:00 – 13:00.
Өтетін орны: Алматы қ., Масанчи к-сі, 39/47 (Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, 123 аудитория-конференц-зал.