2025 жылдың 19 маусымында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты «Философия, саясаттану және дінтану институты» ШЖҚ РМК «Абай философиясы және жаһандық трансформациялар жағдайындағы әлеуметтік әділеттілік мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Бұл халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайындағы әділеттілік мазмұнына және оны қазақстандық қоғамда іске асырудағы заманауи концептуалды тәсілдер» атты іргелі ғылыми зерттеу аясында өткізіледі.
Конференцияның мақсаты: Абайдың философиялық идеяларын қазіргі қоғамдық-гуманитарлық білім жүйесіндегі әлеуметтік әділеттілік мәселелері контекстінде талдау, оның философиялық мұрасының негізгі идеялары мен перспективаларын қайта қарастыру, сондай-ақ қазақ халқының тарихында этноқалыптастырушы рөл атқарған және оның мәдени кодын қалыптастыруға ықпал еткен ойларын жаңаша зерделеу.
Негізгі бағыттары:
- Абай философиясы – ұлттың бірегейлігін сақтау және нығайтудағы маңызды фактор ретінде, қазақ халқының мәдени кодының ажырамас бөлігі. Ойшылдың философиялық ілімінің жаһандық трансформациялар дәуіріндегі рөлі мен маңызы;
- Қазақ философиясындағы әлеуметтік-саяси идеялардың трансформациясы – Қазақстанның өзгеріп жатқан рухани кеңістігі жағдайында;
- Әлеуметтік әділеттіліктің рөліне тұжырымдамалық көзқарас – тұрақты және прогрессивті дамудың маңызды факторы ретінде қазақстандық қоғамдағы маңызын талдау.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға баяндама мәтіндерін тапсыру мерзімі – 2025 жылғы 1 маусымға дейін. Конференция материалдары жинақ ретінде жарияланады. Баяндама мәтінінің көлемі – 6-8 бет. Материалдарды келесі e-mail-ге жіберу қажет: aimana_th@mail.ru. Байланыс телефоны: +7 707 683 39 38, Кельдинова Айман Бауржановна.
Мақала талаптары:
Мақала мәтіні MS Word бағдарламасында теріледі, Times New Roman қарпі, 14 кегль, 1 интервалдан кейін, тасымалданбай, ені бойынша туралау қажет. Жиектері: барлығы - 2 см, азат жол -1,25. Мәтіндегі бөлімдерді қалың және курсивпен, астын сызып жазуға болмайды. Мәтіндегі библиографиялық сілтемелер тік жақшамен рәсімделеді.
Жоғарғы оң жақ бұрышында - автордың тегі мен аты-жөні, ғылыми дәрежесі, лауазымы және жұмыс орны, қаласы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі. Төменде, 1 интервалдан кейін, 14 кегльмен баяндаманың атауы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі. Файл doc немесе docx форматында сақталады. Файл атауы – автордың тегімен беріледі. Мысалы, Айдаров.doc.
Тіркеу: 09:30 – 10:00. Конференция жұмысы: 10:00–13:00.
Өтетін орны: Алматы қ., Сейфуллин көшесі, 458/1, «Майсат» Бизнес-орталығы, 2 қабат, конференц-залы.