СЕЙДУМАНОВ СЕРІК ТҰРАРҰЛЫ: КӨШБАСШЫ ӘРІ РЕФОРМАТОР

17.02.2025



СЕЙДУМАНОВ СЕРІК ТҰРАРҰЛЫ: КӨШБАСШЫ ӘРІ РЕФОРМАТОР 

Сейдуманов Серік Тұрарұлы 2021 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты (ФСДИ) республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (РМК) директоры қызметіне тағайындалған еді. (https://www.inform.kz/ru/serik-seydumanovnaznachen-direktorom-instituta-filosofii-politologii-i-reli....) 2021 жылдың маусым айынан бастап Институттың мәртебесі РМК-дан ШЖҚ РМК-ға өзгеруіне байланысты ФСДИ-дың Бас директоры лауазымын атқарды. Осылайша, төрт жыл бойы елдегі ең ірі мемлекеттік ғылымизерттеу институтына белгілі қазақстандық ғалым-социолог, мемлекет және қоғам қайраткері басшылық етті. Серік Тұрарұлының басқаруымен Институттың жұмысындағы басты жетістіктерін санамалар болсақ, мыналарды атап өтуге болады: Ғылыми қызметті дамыту және ауқымын кеңейту Институттың қарқынды дамуы мен түлеуі іске асты. Институттың бюджеті шамамен үш есе ұлғайып, зерттеу қызметін кеңейту және ғылыми әлеуетті нығайту ісі зор серпін алды. Қызметкерлердің жалақысы едәуір өсті, бұл зерттеушілерге маңызды қолдау болды әрі жоғары білікті мамандарды зерттеу жұмыстарына тартуға мүмкіндік берді. Талантты мамандарды шақыруға ерекше көңіл бөлініп, жалпы қызметкерлер саны артты, ал жас ғалымдардың үлесі 50%-ға жетті. Институт қазақстандық зерттеушілердің жаңа буынын даярлайтын алаңға айналды, олар гранттар мен халықаралық тағылымдамаларға, жеңілдетілген ипотекаға қол жеткізу мүмкіндіктеріне ие болды. Озық технологияларды енгізу Ғылыми зерттеулерге цифрлық технологиялар белсенді түрде ене бастады. Қоғамдық процестерді талдауда Big Data, Data Mining және жасанды интеллект әдістеріне негізделген Цифрлық әлеуметтік ғылымдар орталығы құрылды. ФСДИ қызметінің маңызды белесі ретінде ҒЖБМ қолдауымен Институт жүзеге асырған, жетекші ЖОО-лар атсалысқан Мегажобаны атай аламыз. Бұл қазақстандық қоғамды зерттеуші ғалымдарға жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақстандағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар тарихында алғаш рет қоғамның цифрлық трансформациясына және оның әлеуметтік, мәдени, саяси процестерге ықпалына кешенді әрі ауқымды зерттеу жүргізуге жол ашты. Институттың ерекше мақтанышы – отандық гуманитарлық ғылым тарихында алғаш рет үш бірдей шетелдік патенттің алынуы болды дер едік. Бұл Институт ғалымдарының инновациялық әзірлемелерін заңды түрде бекітіп қана қоймай, отандық әлеуметтікMade with Xodo PDF Reader and Editor гуманитарлық ғылымның бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейін паш еткен оқиға болды. Академиялық көшбасшылық Төрт жыл ішінде 300-ден астам ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылып, жүздеген мақала жарияланды. Олардың 65-і WoS және Scopus базасына кіретін басылымдарда жарық көрді, сондай-ақ 50 монография мен жинақ басылып шықты. Мемлекеттік органдарға 150- ден астам аналитикалық материал ұсынылды. Мұны Институт жүргізген зерттеулердің ғылыми және практикалық маңызы жоғары екенінің дәлелі деуге болады. Институттың ғылыми білім беру бағытындағы интеграцияны дамытуға қосқан үлесі де ерекше екенін атап өткен жөн: Институт қызметкерлерінің 50%-дан астамы елдің жетекші университеттерінде сабақ береді, ал 266 магистрант пен докторант Институт базасында тағылымдамадан өтті. Осылайша білімнің сабақтастығы мен ғылыми кадрлар даярлау ісінің берік негізі қалыптасты. Ғылыми қауымдастықтарды дамыту Институт ірі ғылыми шаралардың ұйымдастырушысы ретінде Қазақстан мен аймақтағы жетекші зерттеу орталығы ретіндегі рөлін нығайтты. Қазақстан әлеуметтанушыларының VIII Конгресі, Түркітілдес елдер әлеуметтанушыларының Конгресі мен IV Қазақстандық философиялық конгресті табысты өткізді. Бұл ауқымды жиындар жетекші ғалымдар мен сарапшыларды біріктіріп, қазіргі қоғамның негізгі сын-қатерлерін ой елегінен өткізетін бірегей талқылау алаңына айналды. Олар тек ғылыми байланыстарды нығайтып қана қоймай, гуманитарлық ғылымдардағы жаңа теориялық және қолданбалы бағыттарды айқындайтын катализаторға айналды. Институттың пікірталас клубы еліміздегі басты интеллектуалдық орталыққа айналып, Қазақстандағы жетекші сараптамалық алаң мәртебесіне ие болды. Мұнда еліміздің ішкі және сыртқы саясатының өзекті, өткір мәселелері жетекші сарапшылардың, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институт өкілдерінің қатысуымен талқыланады. Институт ғылым мен практикалық саясат арасындағы тиімді көпір ретінде қызмет етіп келеді. Халықаралық ынтымақтастық Институттың ғылыми беделі халықаралық деңгейде де мойындалды: 2024 жылы Римде өткен XXV Әлемдік философиялық конгресте негізгі секциялардың бірін басқаруы – Институттың әлемдік гуманитарлық ойға қосқан үлесінің айқын дәлелі. Халықаралық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп, 50 жетекші шетелдік ғылыми орталықпен келісімдерге қол қойылды. «Бір белдеу – бір жол» бастамасына қатысу қазақстандық ғылымды жаһандық зерттеу үдерісіне кіріктіруге септігін тигізді. Made with Xodo PDF Reader and Editor Айтулы оқиғаның бірі – «Әділетті Қазақстан және Қытай арманы: заманауи даму стратегиясының мүмкіндіктері мен перспективаларын талдау» атты ұжымдық монографияның дайындалуы болды. Ғылыми еңбек Қазақстан Республикасының ҚХРдегі Елшілігінің қолдауымен Бейжің қаласында таныстырылды. Бұл жоба әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналып, ғылыми дипломатияның стратегиялық серіктестіктерді дамытудағы маңызын көрсетті. Бұл жетістіктер Институттың ғылыми және аналитикалық қызметте жаңа стандарттар қалыптастырып, Қазақстанның жаһандық ғылыми ортадағы орнын нығайтып отырғанының айқын дәлелі. Ғылым және қоғам Бүгінде Институт тек академиялық ортада ғана емес, қоғаммен де белсенді жұмыс істейді. Ғылыми-аналитикалық блогинг жүйесі құрылып, бұл бастама Институттың медиа кеңістіктегі үлесін едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Төрт жыл ішінде 6 мыңнан астам сараптамалық пікір мен мақала жарық көрді, олардың басты мақсаты – маңызды ғылыми және аналитикалық идеяларды көпшілікке жеткізу. Алматыда және өңірлерде халықпен 200-ден астам ағартушылық кездесулер өтті, олар ғалымдар мен қоғам арасындағы диалогтың бірегей алаңына айналды. Осы бастамалар арқылы Институт ғылымианалитикалық дискурстың көшбасшысы атанып қана қоймай, ғылымның қолжетімді, өзекті әрі қажет екенін дәлелдеп, Қазақстандағы ақпараттық күн тәртібі мен қоғамдық пікірді қалыптастыруда басты рөл атқарып келеді. Біз Серік Тұрарұлының басшылығымен Философия, саясаттану және дінтану институтының әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы Қазақстанның негізгі ғылыми орталықтарының бірі әрі қазақстандық қоғамның дамуы жөніндегі маңызды мәселелер бойынша беделді сараптамалық алаң ретіндегі мәртебесін айтарлықтай нығайтқанын мақтан тұтамыз. Серік Тұрарұлының стратегиялық ой-өрісі, көрегендігі, ұйымдастырушылық таланты мен өз ісіне адалдығы гранттық зерттеулер мен мақсатты ғылыми бағдарламаларды барынша практикалық сипатта әрі тиімді жүзеге асыруға септесті. Көшбасшы ретінде Серік Тұрарұлының атқарған нәтижелі еңбегі, ұжымды шабыттандыруы мен қолдауы, адамгершілігі мен рухы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Жаңа жетістіктерге, ғылыми жобалар мен бастамаларға жетіп, сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі мен отандық ғылымды дамыту жолында табыс тілейміз! Қазақстан Республикасы Made with Xodo PDF Reader and Editor Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты ҰЖЫМЫ