Философия, саясаттану және дінтану институтының
Ғылыми кеңесінің отырысы
2024 жылғы 26 желтоқсан бейсенбіде Философия, саясаттану және дінтану институтының Ғылыми кеңесінің жоспарлы отырысы өтті, онда Философия, саясаттану және дінтану институтының 2024 жылғы жұмысынын жалпы қорытындылары қаралды және 2025 жылға арналған алдағы міндеттері талқыланды.
Отырыс модераторы, ФСДИ Ғылыми кеңесінің төрағасы, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі С.Т. Сейдуманов отырысқа қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, жұмыс регламентін бекітті.
Содан кейін ФСДИ Ғылыми кеңесінің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жұмыс нәтижелері туралы хабарламалармен сөз сөйледі:
- ФСДИ бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ш.Е. Жаманбалаева.
- ФСДИ Философия орталығының жетекшісі С.Е. Нұрмұратов.
- ФСДИ Дінтану орталығының басшысы А.Д. Шағырбай.
- ФСДИ цифрлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар орталығының басшысы Е.Б. Тоқтаров.
- ФСДИ саяси зерттеулер орталығының басшысы А.М. Амребаев.
Спикерлердің сөйлеген сөздерін егжей-тегжейлі талқылай отырып, ФСДИ Ғылыми кеңесінің отырысына қатысушылар барлық айтылған хабарламаларды бекіту және назарға алу туралы шешім қабылдады.
Содан кейін ФСДИ Ғылыми кеңесінің төрағасы, философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі С.Т. Сейдуманов ғылыми қызметкерлер ұжымы жұмысының нәтижелеріне оң баға беріп, алдағы қызметтің 2025 жылға арналған негізгі жоспарлы бағыттарын атап өтті.
Ғылыми кеңес отырысының соңында Философия, саясаттану және дінтану институтының ерекше көзге түскен ғылыми қызметкерлеріне марапаттар табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.
ФСДИ Ақпараттық-ұйымдастыру жұмыс орталығы