Соловьева Грета Георгиевна

Соловьева Грета Георгиевна

Жеке мәліметтер: 
1939 жылы туылған (Армения, Ереван қ.)

Білімі: 
Жоғары. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті. Философия-экономика факультеті (1962ж.) ҚазССР ҒА Философия және құқық Институтының аспирантурасын бітірген .

Ғылыми дәреже: 
Философия ғылымдарының докторы.
Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Күмәннің рөлі қарама-қайшы рөлі жайлы» Қаз ССР ҒА Философия және құқық институтында 1974 жылы қорғаған.
Докторлық диссертациясының тақырыбы:« Т.В. Адорноның жағымсыз диалектикасы және оның қазіргі батыс философиясындағы түсіндірілуі» РҒА-ның Философия институтында1992 жылы қорғаған.

Ғылыми атақ: 
профессор

Еңбек қызметі:
  • 1962–67 жж. «Огни Алатау» редакциясының радио, теледидар корреспонденті және әдеби қызметкері ;
  • 1973– жылдан бастап ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтында қызмет етеді (КҒҚ, ҒҚ, АҒҚ,ЖҒҚ, бөлім меңгерушісі, БҒҚ)
Қоғамдық жұмыстар:
  • «Адам әлемi» журналының редакциялық алқасының мүшесі
  • «Әл-Фараби» журналының редакциялық алқасының мүшесі
Негізгі ғылыми жарияланымдар:
200-ден аса ғылыми жарияланымдардың авторы, олардың ішінде – 6 монография, 50 ұжымдық монография тараулары, 2 томдық «Философия и жизнь» кітабы (Алматы, 2010), екітомдық «О человеке, его вере, любви, справедливости, богатстве, счастье»(Алматы, 2016), «Философия прекрасного» кітаптары (Алматы, 2019).

Марапаттары:
  • «Қазақстан Республикасының ғылым саласына қосқан үлесі үшін» медалі (2011 ж.);
  • «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі (2015 ж.);
  • «Еңбек ардагері» медалі (2018).
  • «Ғылым мен білім дамуы саласына қосқан үлесі үшін берілетін Мемлекеттік стипендия» (2011ж.).
  • ҚР БҒМ ҒК ФСжДИ құрмет грамоталары (2014).