БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ

11.06.2024



БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ

 

2024 жылдың мамыр-маусым айларында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Философия, саясаттану және дінтану институтының Цифрлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар орталығының қызметкерлері деректерді талдау әдістері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Курстарды AlmaU профессоры, PhD Алексей Белянин өткізді. Біліктілікті арттыру бағдарламасы статистикалық деректерді талдау үшін R бағдарламалау тілін қолдануды, айнымалылардың өзгеруін болжау үшін сызықтық регрессия модельдерін әзірлеуді, сондай-ақ факторлардың мультиколлинеарлығын анықтау әдістерін қамтыды.

Цифрлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар орталығының қызметкерлері алған білімдерін гранттық ғылыми зерттеулер шеңберінде Философия, саясаттану және дінтану институтының тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелерін талдауда қолданады. Бұл жасырын әлеуметтік динамика трендтерін анықтауға және дата-аналитика негізінде сапалы жаңа тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.


ФСДИ саяси зерттеулер орталығы