СЕМИНАР

14.02.2024

СЕМИНАР

СЕМИНАР

2023 жылғы 14 ақпан сәрсенбіде Философия, саясаттану және дінтану институтында іске асырылып жатқан ғылыми ауқымды жобалардың ғылыми жетекшілері мен орындаушылары үшін "Қазақстандағы бұқаралық санаға ақпараттық-идеологиялық әсер: тәуекелдер мен мүмкіндіктер" және "Цифрлық трансформация жағдайындағы қазақстандық қоғам: перспективалар мен тәуекелдер" атты кезекті жоспарлы семинар өтті.

Семинардың модераторы ФСДИ бас директорының орынбасары Ш.Е. Жаманбалаева болды.

Жұмыс отырысы барысында семинарға қатысушылар ғылыми жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратпен белсенді алмасып, өз сұрақтарын айтып, Философия, саясаттану және дінтану Институты бас директорының орынбасары Ш.Е. Жаманбалаеваның практикалық ұсынымдарын қабылдады.

ФСДИ ақпараттық-ұйымдастыру жұмыс орталығы