Қазақстандық ғылыми делегацияның Huawei компаниясының басшылығымен кездесуі

22.12.2023

Қазақстандық ғылыми делегацияның Huawei             компаниясының басшылығымен кездесуі

Қазақстандық ғылыми делегацияның Huawei

           компаниясының басшылығымен кездесуі

21 желтоқсан күні Бас директор С. Т. Сейдуманов бастаған Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми делегациясы "Хуавей Технолоджиз Қазақстан" ЖШС директорының орынбасары Сюй Хай және компания менеджері Медет Серік тұлғалары саналатын Huawei қытай компаниясы басшылығының өкілдерімен кезекті жоспарлы кездесу өткізді.

Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап Философия, саясаттану және дінтану институтының (ФСДИ) Бас директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының (ҚР ҰҒА) Бірінші Вице-президенті С.Т. Сейдуманов  компания өкілдеріне өзінің әріптестерін: ФСДИ бас директорының орынбасары Ү.М. Нысанбекті және ФСДИ Саяси зерттеулер орталығының директоры А.М. Әміребаевты таныстырды.

Тараптардың мүдделерін белсенді жақындастыру мақсатына сүйене отырып, қытайлық әріптестер үшін Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметіне қатысты  қысқаша шолу ұсынылды, сондай-ақ Қазақстан ғылымының ауқымды жетістіктерін цифрландыру және коммерцияландыру процестерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының салалық мүмкіндіктері айтылды.

2023 жылғы шілдеде Huawei компаниясы цифрландырудың шексіз мүмкіндіктерін зерделеу үшін Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірінен сала көшбасшыларын жинай отырып, Қазақстанда өзінің алғашқы өңірлік Partner Summit өткізгені атап өтілді. Содан кейін Huawei корпоративтік бөлімшесінің басшылары аймақтық серіктестер үшін ең жаңа өнімдер мен технологияларға, кеңірек салалық трендтерге және бизнес перспективаларына шолу жасады.

Осыған байланысты С.Т. Сейдуманов Қазақстан мен Қытай ортақ мақсаттарды - цифрлық экономика және теңгерімді жер қойнауын пайдалану салалары үшін жаңа технологиялық мүмкіндіктер ашатын әртараптандырылған және өркендеген әріптестік экожүйені құру бойынша бірлескен жұмысты табысты көрсетіп отырғанын ерекше атап өтті.

Ұсынылған ақпаратты қытайлық әңгімелесушілер оң қабылдады және одан әрі жан-жақты әңгімелесу барысында тараптар өңірлік ынтымақтастықты тереңдету және сараптамалық ғылыми-талдамалық қоғамдастықтың қауіпсіздік пен сауда әріптестігінің өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысуы тақырыптарын талқылады. Жалпы ұстанымдар мен болып жатқан оқиғаларды бағалау атап өтілді, олардың негізінде әлеуетті ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерді егжей-тегжейлі зерделеуге сенімді жағдай белгіленді.

Huawei-қытайлық өндіруші және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ақылды құрылғылар мен инфрақұрылымның жетекші әлемдік жеткізушісі. Huaweiдің негізгі миссиясы - әр адамға, әр  үйге және ұйымға толық қосылған интеллектуалды әлем құру үшін цифрлық технологияны әкелу. Huawei компаниясының басшылығы өзінің тарихи жауапкершілігін мойындай отырып, ықпал ету мүмкіндіктерін біртіндеп кеңейтеді және бұл континенттегі көптеген мемлекеттердің алдында тұрған мәселелердің жаңа шешімдерін табуға көмектесетін озық цифрлық технологиялар екеніне сенім білдіреді.

Компанияның орталық VIP-көрме павильонында өткен кездесу барысында тараптар халықаралық шиеленістің артуы мен коронавирустық пандемиядан кейін өңірлердің экономикасының қалпына келу қарқыны әлемдік қоғамдастық үшін басты сын-тегеуріндер болып қала беретінін атап өтті. Қазақстан мен Қытай ғалымдарымен сарапшыларының алдағы серіктестігі әлемдік цифрлық саланың технологиялық көшбасшыларының мүмкіндіктерін Смарт-Сити урбанистикасының бірыңғай және қауіпсіз моделін, толық қосылған зияткерлік планетарлық қауымдастықты құру сәтіне жақындатуға мүмкіндік береді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ғылыми идеяларды қалыптастыру процестерін жалғастыру және адамдардың өмірін жақсартатын, индустрияны интеллектуалды, ал қоғамды инклюзивті ететін цифрлық технологияларды дамыту саласындағы мүмкіндіктердің ынтымақтастығы туралы тілектерін білдірді.

ФСДИ Ақпараттық-ұйымдастырушылық жұмысы орталығы