АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

12.09.2023



Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі

Ғылым комитеті

Философия, саясаттану және дінтану институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

2023 жылдың 19 қыркүйегінде «Философия, саясаттану және дінтану институты» ШЖҚ РМК ««Халал» феномені және зайырлы мемлекеттердегі экологиялық сананың қалыптасуы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізеді.

Сіздерді белсенді түрде қатысуға шақырамыз!

Дөңгелек үстелдің мақсаты – көпмәдениетті зайырлы Қазақстанның пәнаралық дискурсындағы «халал» феноменінің мәнін, оның рухани-өнегелік, экологиялық, рационалды мәнін ашу.

Ғылыми бағыттар:

- Зайырлы мемлекеттердегі «халал» ұғымының қалыптасуындағы исламдық ілімдер мен сенімдердің рөлін және олардың экологиялық санаға әсерін зерттеу;

- «Халалға» байланысты философиялық ұғымдарды, этикалық жүйелер мен дүниетанымдарды және олардың экологиялық сананы қалыптастыруға қосқан үлесін қарастыру;

- Зайырлы қоғамдардағы «халал» түсінігі мен тәжірибесіне әсер ететін әдет-ғұрып, дәстүр, қоғамдық пікір, стереотиптер мен әлеуметтік құндылықтар сияқты әлеуметтік-мәдени факторларды және олардың экологиялық санамен байланысын талдау;

- Экологиялық мәдениет пен тұрақты даму саласындағы айырмашылықтарды, ортақ үрдістер мен озық тәжірибелерді анықтау мақсатында зайырлы мемлекеттердегі «халал өндірісі» мен тұтынудың этикалық аспектілерін қарастыру;

- Халал өндірісінің әртүрлі тәсілдерін түсіну, экологиялық сана және тұрақты дамудың ортақ шешімдерін табу мақсатында әртүрлі мәдени және діни қауымдастықтар арасындағы өзара әрекеттесуді ынталандыру;

- Қазақ мәдени дәстүріндегі «халалдың» ерекшелігі мен әмбебаптығы.

Халықаралық дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Баяндама мәтіндерін халықаралық дөңгелек үстелге 2023 жылғы 4 қыркүйекке дейін өткізу қажет. Халықаралық дөңгелек үстел материалдары жинақ болып шығады. Баяндама мәтінінің көлемі 4-6 бет. Материалдарды мына электронды мекен-жайға жіберу керек: aikerim.altaikyzy@gmail.com – Алтайқызы Айкерім. Тел: +7 (727) 272-01-00

Мақала талаптары:

Мақала мәтіні MS Word бағдарламасында теріледі, Times New Roman қарпі, 14 кегль, 1 интервалдан кейін, тасымалданбай, ені бойынша туралау. Жиектері: барлығы 2 см., азат жол 1,25 – автоматты түрде орнатылады. Мәтіндегі бөлімдерді қалың және курсивпен, астын сызып жазуға болмайды. Мәтіндегі библиографиялық сілтемелер тік жақшамен ресімделеді.

Жоғарғы оң жақ бұрышында – автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, лауазымы және жұмыс орны, қаласы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көрсетіледі. Төменде, 1 интервалдан кейін, 14 кеглмен қалың қаратылған баяндаманың атауы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көрсетіледі. Файл doc немесе docx форматында сақталады. Файл атауы – автордың тегімен беріледі. Мысалы, Қалдыбеков.doc.

                   

Тіркеу: с 10:30 – 11:00. Дөңгелек үстелдің жұмысы: с 11:00-13.00.

Өтетін орны: Алматы қ., Құрманғазы көш., 29, Философия, саясаттану және дінтану институты, мәжіліс залы, 317 бөлме.

Басқа жаңалықтар

news-1

5 февраля 2024