Жеке мәліметтер:
1956 жылы 11 желтоқсанда Семей облысы, Аягөз ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.
Білім:
Жоғары. 1986 жылы С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философия-экономика факультетін бітірген.
Ғылыми дәрежесі: философия ғылымдарының кандидаты. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Қазақ философиясындағы еркіндік идеясы (XVII ғ.соңы – XX ғ.басы)».
Еңбек қызметі:
Бірнеше ондаған жылдар бойы ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтында жұмыс істейді, онда зертханашыдан жетекші ғылыми қызметкерге дейін өсті. 1989 жылы ҚазКСР ҒА Философия және құқық институтына оқуға түсті. Бүгінгі күнге дейін Философия орталығының жетекші ғылыми қызметкері лауазымын атқарады.
Негізгі ғылыми басылымдар:
1 жеке монография, 15 Ұжымдық монография. 100-ден астам мақала . "Мәдени мұра» ММ-на қатысты.
Мемлекеттік наградалар:
"Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін" медалімен марапатталған (2018).