Нусипова Гульнара Игенбаевна

Нусипова Гульнара Игенбаевна

Жеке мәлімет:
Қазақ, 1968 жылы 14 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген
Білім:
Жоғары.
1.Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Халықаралық қатынастар факультеті, Мамандығы: "саясаттану".
2.Магистратура: әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және ҚР БҒМ ҒК ғылыми-зерттеу институттары "Ғылым ордасы" кешені базасында бірлескен білім беру бағдарламалары, мамандығы:" Философия" (2016-2018 жж.)). Диссертацияның тақырыбы: "Қазақстандық қоғамды жаңғыртудың әлеуметтік-философиялық талдауы".
3.Докторантура: әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және ҚР БҒМ ҒК ғылыми-зерттеу институттары "Ғылым ордасы" кешені базасында бірлескен білім беру бағдарламалары, мамандығы:" Философия" (2018-2021 жж.). Диссертацияның тақырыбы: "Қазақ философиясының рухани-адамгершілік өлшеміндегі еркіндік феномені: дәстүрден жаңғыруға дейін".
Ғылыми дәрежесі:
Философия докторы (PhD)
Еңбек қызметі:
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, "Әл-Фараби"журналының жауапты редакторы.
Негізгі ғылыми басылымдары:
40-тан астам ғылыми жарияланымдардың, оның ішінде 8 ұжымдық монографияның авторы.
Ведомстволық наградалар:
"Алғыс" ҚР Білім және ғылым министрлігі (2020 ж.)