2016 жылғы шетелге іссапарлар мен тағалымдамалар

2015 жылдың 16-мамыры мен 16-маусымы аралығында дінтану бөлімінің ғылыми қызметкері М.К. Бектенова Улудаг Университеті (Бурса қ., Түркия) дін тарихы мен философия кафедрасында ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.

ilahiyat3
2015 жылдың 16-мамыры мен 16-маусымы аралығында дінтану бөлімінің ғылыми қызметкері М.К. Бектенова Улудаг Университеті (Бурса қ., Түркия) дін тарихы мен философия кафедрасында ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.

Улудаг университеті (Uludag Universitesi) Түркия елінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Университет 1970 жылы Стамбул Университетінің филиалы болған медицина факультеті негізінде қалыптасты. 1974 жылы университет құрылымында Әлеуметтік және экономикалық ғылымдар факультеті ашылды. Бүгінгі таңда бұл оқу ордасы құрамында 13 факультет, 3 жоғары мектеп, 1 косерватория, 4 институт және 18 ғылыми-зерттеу орталықтары бар, 40000-нан астам студент білім алып жүрген Түркиядағы жоғары оқу орындарының ірілерінің бірі болып саналады.

13382199 10154662718288465 179301493 n
Тағылымдама барысында шетелдік кеңесші PhD докторы, дін тарихы мен мәдениет профессоры Бюлент Шенаймен кеңес алу мақсатында кездесулер өткізілді. Олардың нәтижесінде докторлық диссертацияның тараулары бойынша жұмыс жүргізіліп, зерттеу жұмысының пәні, методологиясы және мазмұны жөнінде маңызды ұсыныстар мен ескертулер алынды. Сонымен қатар докторлық диссертацияны жазуға қажетті әдебиеттер мен ғылыми дереккөздерді іріктеу мақсатында Улудаг университетінің кітапхана қорын пайдаланып ауқымды жұмыс жүргізілді.

М. Бектенова сондай-ақ профессор Шенайдың дінтану пәні бойынша Эрасмус бағдарламасымен дайындалатын студенттердің дәрістеріне де қатыса алды.

Институттың «Постсекулярлы қоғамдағы ислами білім берудің үлгілері: евразиялық және еуропалық трендтер» атты жобасы шеңберінде теология факультеті мен философия және дін тарихы кафедрасының оқытушылары мен исламтанулық білім беру мамандарына сауалнама жүргізілді. Олардың нәтижелері жоба бойынша өткізіліп жатқан әлеуметтік зерттеулерге енгізілмек.

2016 жылдың 13-15 маусымында Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында «Зорлықшыл экстремизмнің алдын алу үшін мәселелер шешімін табу жөнінде сарапшылардың жоғары деңгейдегі кездесуі» өтті.

cq5dam.web.540.390
2016 жылдың 13-15 маусымында Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында «Зорлықшыл экстремизмнің алдын алу үшін мәселелер шешімін табу жөнінде сарапшылардың жоғары деңгейдегі кездесуі» («Встреча экспертов на высоком уровне по вопросам поиска решений для предупреждения насильственного экстремизма» – «High-Level Experts Meeting on Finding Development Solutions to Preventing Violent Extremism» 13-15 June 2016. Dushanbe, Tajikistan) өтті. Бұл шараны БҰҰДБ (ПРООН/UNDP) Стамбул офисі ұйымдастырды. Аталмыш шараға ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, доцент Б.М. Сатершинов БҰҰДБ Еуропа хабының менеджері Растислав Врбенскийдің атынан шақырту алып, қатысып қайтты.

Кездесудің басты мақсаты Орталық Азиядағы зорлықшыл экстремизмге әкелуі мүмкін радикалдану феноменін терең түсінуге, сондай-ақ осындай радикалдануға қарсы тиімді превентивті шаралар қабылдауға ықпал ету болды. Кездесудің негізгі тақырыбы даму мен қауіпсіздік мәселелері және адам құқықтарын қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік беретін жергілікті контекске арналған практикалық бастамаларды айқындау болды.

Тәжікстанның Кохи Новруз атты зәулім сарайында өткен бұл маңызды форумға әлемнің 20-ға тарта елдерінен 120-ға жуық делегаттар қатысты. БҰҰ ұйымының тұрақты үйлестірушісі А. Зуев, Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрі С.М. Аслов, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Д. Султаноглу, ЕО Орталық Азиядағы арнайы өкілі П. Буриан, БҰҰ Бас хатшысының Орталық Азиядағы арнайы өкілі П. Драганов және басқа да беделді спикерлер бастап ашып берген жоғары деңгейдегі кездесу барысында Орталық Азия мен одан тысқары жерлердегі зорлықшыл экстремизмнің алдын алу жолдары мен тәсілдері талқыланып, жергілікті қоғамдағы радикалдануға бейім топтар айқындалып, олармен жұмыс жасауға қатысты ұсыныс-пікірлер айтылды.

Үш күнге созылған кездесудің нәтижесінде радикалдану феноменінің, оның пайда болуы мен ықпалының жалпыға ортақ түсінігі ұсынылды. Зорлықшыл экстремизмнің жағымсыз салдарларының алдын алу мен оны бәсеңдету үшін бағдарламалық стратегиялардың жергілікті ерекшелікке сай қабылдануы жалпы мойындалды. Ахуалды бағалау мен мониторинг жасаудың әдіснамалық мәселелері келісілді. Кездесу барысында қабылданған платформа негізінде ақпарат алмасу үшін өңірлік қауымдастықтар құру құпталды. Азаматтық қоғам ұйымдарымен, дін басыларымен және басқалармен серіктестік құрудың жаңа бағдарламарын әзірлеуге мақұлдасып, сарапшылардың өңірлік ростерін қалыптастыру тұжырымдалды.

Форум барысында Б.М. Сатершинов Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісімен, Қазақстанның ИҰК өкілімен кездесіп, ғылыми қарым-қатынас мәселелерін сөз етті.

2016 жылдың 2-3 маусымында Стамбул қаласының Kadr Has университетінде «The 3rd International Conference on Eurasian Politics & Society IEPAS2016» халықаралық конференциясы өтті.

13315298 932355206863154 7870968029396400189 n
2016 жылдың 2-3 маусымында Стамбул қаласының Kadr Has университетінде «The 3rd International Conference on Eurasian Politics & Society IEPAS2016» халықаралық конференциясы өтті.

20160602 095253
Институттың бас ғылыми қызметкері, филос.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Н.Л. Сейтахметова мен дінтану бөлімінің ғылыми қызметкері М.К. Бектенова конференцияға қатысу мақсатында «Eurasianism: to Theming the Dialogue of Religions and Cultures as the Theme of Our Relevance (Еуразияшылдық: діндер мен мәдениеттер диалогының тақырыбын бүгінгі күннің өзекті тақырыбы ретінде ашу)» тақырыбында баяндаманы дайындап, сол баяндаманы Бектенова М.К. «Eurasianism, Eurasian Union and Sovereign Regimes» секциясында таныстырды. Баянадама қызығушылық туғызып, конструктивті дискуссияға ұласты.

IMG-20160603-WA0061 — копия
Пленарлық отырыста Швеция еліндегі Södertörn университетінің профессоры Mark Bassin және Туркиядағы METU (Таяушығыс техникалық университетінің) профессоры Oktay Tanrisever баяндамаларын жасады.

Конференция жұмысы барысында еуразияшылдықтың посткеңестік, әрі жалпы әлемдік кеңістігіндегі қазіргі мәні жөнінде мәселелер талқыланды. Баянадамалардың өзекті бір панелін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық және аймақтық зерттеулер орталығының ғалымдары дайындаған.

Конференция жұмысының соңына қарай барлық баяндамашыларға салтанатты түрде сертификаттар табысталды.

2016 жылдың 10 сәуірі мен 10 мамыры аралығында философия бөлімінің ғылыми қызметкері Кокушева А.А. Гумбольдт университетінің Орталық Азия семинарында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Гумбольдт Университет
2016 жылдың 10 сәуірі мен 10 мамыры аралығында философия бөлімінің ғылыми қызметкері Кокушева А.А. Гумбольдт университетінің Орталық Азия семинарында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама барысында шетелдік жетекші PhD докторы Беате Эшмент ханымымен кездесулер мен консультациялар өткізілді. Консультацияларда диссертацияның құрылымы, әдіснамасы мен зерттеулер туралы жұмыс жүргізілді, зерттеу жұмысының эмпирикалық бөліміне қатысты бірқатар ұсыныстар мен ескертулер алынды.

Докторлық диссертацияны жазу үшін тиісті әдебиеттер мен дерек көздерін жинау мақсатында Гумбольдт университетінің Гримм Центрум кітапханасында бірқатар жұмыс атқарылды.

Ғылыми тағылымдама барысында Кокушева А.А. докторанттардың research proposal жұмыстарын талқылауға, «Берлин жастарының қазіргі саяси белсенділігі» тақырыбында жүргізілген семинарлар мен уоркшоптардың жұмысына, докторлық диссертацияларды қорғау үрдістеріне қатысты.

2016 жылғы 21-22 сәуірде Минск қаласында Беларусь Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Философия институтына 85 жыл толуына орай халықаралық конференция өтті.

20160421 095419 Richtone(HDR)
2016 жылғы 21-22 сәуірде Минск қаласында Беларусь Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Философия институтына 85 жыл толуына орай халықаралық конференция өтті.

Конференция жұмысына Беларусь, Ресей, Украина, Польша, Литва және өзге елдердің өкілдері қатысты. Белоруссиялық философия институтына алыс-жақын шет елдерден, республиканың жоғары оқу орындарынан, философия кафедралары мен бірқатар қоғамдық ұйымдардың атынан құттықтаулар келіп түсіп жатты. Үлкен залдың сахнасында Белоруссияның Ғылым академиясының барлық гуманитарлық институттардың басшылары философия мен философтардың атына арналған өз құттықтау сөздерін арнады.

Конференция жұмысына Қазақстаннан ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының философия бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Аяжан Сағиқызы, философия бөлімінің бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Зиядаевич Изотов, Қазақстандық философиялық конгресстің вице-президенті, философия ғылымдарының докторы, профессор Сергей Юрьевич Колчигин қатысты. Олар конференцияның ашылу күні өткен салтанатты мәжілісте белоруссиялық әріптестеріне құттықтау сөздерін арнап, сыйлықтарын тапсырды (кітаптар және қазақстандық сыйлықтар).

Қазақстандықтар пленарлық мәжілісте негізгі спикерлердің қатарында болып, өз ғылыми баяндамаларын жасады. Аталмыш баяндамалар Қазақстан философтарының өткен және қазіргі таңда жүргізіп жатқан негізгі теориялық зерттеулердің мәні, ерекшелігі мен бағыттары, сонымен қатар, адами капитал және білім қоғамы, замануи әлемдегі ғылым мен гуманизм арақатынасы тақырыптарын қамтыды.

20160421 100536 Richtone(HDR)
Аталмыш жиынға көптеген көрнекті философтар қатысты: А.А. Лазаревич (Беларусь), Т.И. Адуло (Беларусь), Ян Воленский (Польша), А.В. Смирнов (Ресей, Мәскеу), С.К. Юкневичюс (Литва), О.П. Пунченко (Украина, Одесса) және т.б. Конференция барысында тарихи-философиялық мұраны өзектілеу қажеттілігі, Беларусь, Украина, Ресейдің білім жүйесіндегі негізгі мәселелер, ақпараттық қоғамды қалыптастыру мәселелері көтерілді. Ресейлік ғалымдардың «Ресей философтары» сериясының Г. Флоровскийге арналған жаңа еңбегі конференцияға қатысушылардың қызығушылығын туғызды. Аталмыш еңбектің тұсаукесерін Ресей ғылым академиясының Философия институты директорының орынбасары философия ғылымдарының кандидаты, орыс философиясын зерттеуші Анатолий Владимирович Черняев жасады.

Конференцияға қатысушылар қазақстандық философтардың баяндамаларын өте жылы лебізбен қабылдады. Академик, философия ғылымының ардагері Евгений Михайлович Бабосов, Беларусь ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Павел Александрович Водопьянов, Красноярсктен келген философия ғылымдарының докторы, профессор Вячеслав Иванович Кудашов және т.б. қазақстандық философтардың атына өз алғыстарын білдіріп, олардың зерттеу жұмыстарына деген шынайы қызығушылықтарын танытты.

Стендтік мақалаларға танытқан қызығушылықтың да маңыздылығын атап өткен жөн. Олардың қатары да аз емес, солардың ішінен Г. Абрахматова (Алматы), П. Дик (Қостанай), В. Дунаев пен В. Курганская (Алматы), Ғ. Құрманғалиева (Алматы), Р. Сартаева (Алматы), М. Хасанов пен В. Петрова (Алматы), Ю. Шпилькин (Шымкент) сияқты қазақстандық философтардың мақалаларын атап көрсетуге болады. Конференцияға қатысушылар, әсіресе, жас ғалымдар, баяндамалармен мұқият танысып, өз пікірлерін білдірді.

Мерейтойлық конференцияның екінші күні де қызықты баяндамалар мен терең пікірталастарға толы болды. Конференцияның бірінші мәселелік сессиясы өте белсенді жұмыс жасады. Бұл жерде Евгений Бабосов, Дмитрий Широканов, Марина Можейко және т.б. ірі танымал ғалымдар баяндама жасады. Олар философия гуманитарлық білімді нығайту әдісі ретінде; философияның әлеуметтік миссиясы мәселесі; академиялық дискурс ретіндегі философия және оның білім жобасы ретіндегі философиямен арақатынасы және т.б. мәселелерді көтерді. Мәселелік сессияның екінші күні әлеуметтік ғылымның объективтілігі, ұлтшылдық, патриотизм және бірегейлену мәселелері төңірегіндегі қызу пікірталасқа толы болды. Сонымен қатар, танымның логикалық-философиялық мәселесіне арналған «дөңгелек үстел» өтті. Желілік философияның қалыптасу мәселесі бойынша Белоруссия мемлекеттік экономикалық университеті жанындағы әлеуметтік-гуманитарлық Институттың директоры философия ғылымдарының докторы, профессор Ядвига Яскевич баяндама жасады. Беларусь Республикасының Президенті жанындағы басқару Академиясындағы философиялық ғылымдар және идеологиялық жұмыстар кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Виктор Чуешов адами капиталдың постклассикалық емес философиясы ұлттық-мемлекеттік дамудың факторы мәселесіне тоқталды.

Конференция кеңауқымды сипатта болды. Оның жұмысына философ ғалымдармен қатар жас зерттеушілер, институт аспиранттары, республикадағы ЖОО-ның оқытушылары да белсенді қатысты.

Қазақстандық философтар конференция барысында өзге елдегі әріптестермен ғылыми байланыстар орнатты. Санкт-Петербург, Красноярск, Челябинск қаласының өкілдері бірқатар бағыт бойынша ынтымақтастық орнатуды ұсынды. Сонымен қатар, БР ҰҒА Философия институты (әсіресе, оның директоры Анатолий Аркадьевич Лазаревич), РҒА философия Институты және оның директоры, философия ғылымдарының докторы, танымал арабтанушы Андрей Вадимович Смирновпен арадағы тығыз байланысты ерекше атап өтуге болады. Болашақта өз елімізде таяу елдегі әріптестерімізбен жаңа жемісті ғылыми кездесулерді өткізуді жоспарлап, күтудеміз.

2016 жылдың 22 наурыз бен 15 сәуір аралығында дінтану бөлімінің ғылыми қызметкері Смағұлов М.Н. Стамбул сауда университетінің (Стамбул, Түркия) саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті.

20160328 175247(0)
2016 жылдың 22 наурыз бен 15 сәуір аралығында дінтану бөлімінің ғылыми қызметкері Смағұлов М.Н. Стамбул сауда университетінің (Стамбул, Түркия) саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Стамбул сауда университеті (Istanbul Commerce University), 2001 жылы «Стамбул сауда палатасы, білім беру және әлеуметтік даму қорымен» құрылған Түркияның бірінші коммерциялық емес жеке жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Университет 6 факультет, 3 ғылыми-зерттеу орталықтары, кәсіптік мектептер мен ағылшын тіліне дайындық бөлімінен тұрады. Стамбул сауда университеті ұлттық және жаһандық ауқымдағы маңызды оқу орны болып табылады. Бүгінгі күні, студенттердің саны 7000 асып 300 жуық мұғалім қызмет атқаруда.

Тағылымдама барысында шетелдік жетекші PhD докторы, халықаралық қатынастар аға оқытушысы Ахмет Юклеин мырзамен кездесулер мен консультациялар өткізілді. Консультацияларда диссертацияның құрылымы, әдіснамасы мен зерттеулер туралы жұмыс жүргізілді, тақырып бойынша, пәндік және библиографиялық зерттеу компоненті туралы бірқатар ұсыныстар мен ескертулер алынды.

Сондай-ақ, институттың «Постсекулярлы қоғамдағы ислами білім берудің үлгілері: еуразиялық және еуропалық трендтер» атты ғылыми-зерттеу жобасын жасау әрі докторлық диссертацияны жазу үшін тиісті әдебиеттер мен дерек көздерін жинау мақсатында Ислам зерттеу орталығының (ISAM) кітапханасында бірқатар жұмыс атқарылды.

2016 жылдың 10 мен 15 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Абдыхалықова әйелдер жағдайы бойынша БҰҰ Комиссиясының 60-сессиясына қатысу үшін Америка Құрама Штаттарына іскерлік сапармен барды. Мемлекеттік хатшы басқарған қазақстандық делегация құрамына Ұлттық комиссия мүшелері кірді. Олардың арасында ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Зарема Шаукенова болды.

IMG 6566
2016 жылдың 10 мен 15 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Абдыхалықова әйелдер жағдайы бойынша БҰҰ Комиссиясының 60-сессиясына қатысу үшін Америка Құрама Штаттарына іскерлік сапармен барды. Мемлекеттік хатшы басқарған қазақстандық делегация құрамына Ұлттық комиссия мүшелері кірді. Олардың арасында ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Зарема Шаукенова болды. Мемлекеттік хатшының АҚШ сапары БАҚ кеңінен айтылды (Госсекретарь рассказала о стратегии гендерного равенства РК на 60-й сессии Комиссии ООНВ Нью-Йорке состоялась встреча Госсекретаря РК с Генсеком ООН). Мемлекеттік хатшының сапары жөнінде толық ақпарат Гаухар Қасымжанованың "На пути к инклюзивному обществу" мақаласында айтылады («Казахстанская правда» 19.03.2016 ж.).

Мемлекеттік хатшының іскерлік сапарының күн тәртібінде Вашингтон мен Нью-Йоркте өткізілген іс-шаралар болды. Аталған іс-шараларға ФСДИ директоры да белсенді қатысты.

Болашак
Мемлекеттік хатшы АҚШ жетекші зерттеу институттарының бірі – Вудро Вильсон атындағы Халықаралық ғылыми орталығына барды. Аталған орталық АҚШ 28-ші Президенті Вудро Вильсонның ресми ұлттық мемориалды ескерткіші ретінде 1968 жылы құрылған. Халықаралық ғылыми орталық әлемнің сараптамалық-аналитикалық орталықтарының үздік ондығына кіреді және АҚШ негізгі тресттері рейтингісінің бесінші орнында тұр. Құрылымдық жағынан алғанда орталық 30 арнайы бағдарламалар мен жобалардан тұрады. Вудро Вильсон орталығында өткізілген жиынғаамерикандық сараптамалық, академиялық және қоғамдық ұйымдардың 100-ден астам өкілдері және Вашингтон университеттерінің студенттері де болды. Олардың арасында қазіргі күнде «Болашақ» бағдарламасымен докторантурада оқып жатқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің түлектері де болды.

Мэтью
Вудро Вильсон атындағы Халықаралық ғылыми орталығында Институт директоры Зарема Шаукенова мен Кеннан Институты директоры Мэтью Рожанскимен кездесу өткізілді (Бейне). (Вудро Вильсон атындағы Халықаралық ғылыми орталығының жанында ашылған Кеннан атындағы ресейлік зерттеулер Институтының негізін қалаған американдық дипломат және саясаттанушы Дж. Фрос Кеннан).

Сессияның өткізілу күндері Мемлекеттік хатшы басқа елдердің делегация, халықаралық ұйымдар мен Үкіметтік емес ұйымдар басшыларымен кездесу өткізді. Осылайша, министрлік іскерлік түскі ас «Қазақстанның гендерлік және отбаслық-демографиялық саясаты – өсім, реформалар, даму, сонымен бірге экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту мен ауылдық аймақтардағы әйелдер денсаулығын қорғау» тақырыбында пікір алмасу болды. Онда Польша, Зимбабве, Либерия, Иордания, Туркменстан, Панама, Сальвадор, Тажікстан және т.б. елдердің делегациялары қатысты. Министрлік кездесуде ФСДИ директоры сөз сөйледі (Текст выступленияИллюстрации к выступлению).

Шаукенова З.К. масс-медиа басылымдарына, оның ішінде Радио-ООН-ға интервью берді. (Интервью)

Жан Мари
Ресми емес кездесулер де болды. Олардың бірі Халықаралық әлеуметтанушылар Қауымдастығының (МСА) бұрынғы вице-президенті Жан Мари Фритцпен болған кездесу. Жан Мари Фритц 2008 жылы Қазақстанға (Алматы қаласына) түркі тілдес елдер әлеуметтанушыларының Екінші Конгресінің жұмысына қатысқан. Жан Мари Фритцтің Қазақстанға осы сапары әлеуметтанушылар Қауымдастығының халықаралық деңгейге көтерілуіне себеп болды. Нәтижесінде – 2015 ж. ХӘҚ орындаушы комитеті 2017 жылы мамыр айында Қазақстанда (Алматы қаласы) Ұлттық әлеуметтанушылар Қайымдастығының Басшыларының Конференциясын өткізу жөнінде шешім шығарды (2016 жылы аталған іс-шара Австрияда (Вена қаласы) өткізіледі). (Информация о мероприятии).

2016 жылдың 22-23 ақпанында Францияның Париж және Ренн қалаларында AlmaU Қамқоршылар Кеңесінің көшпелі мәжілісі өтті.

2016 жылдың 22-23 ақпанында Францияның Париж және Ренн қалаларында AlmaU Қамқоршылар Кеңесінің көшпелі мәжілісі өтті. ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылым және білім интеграциясы бойынша проректоры Шәукенова З.К. делегация құрамында болды.

IMG 5666
Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшілігінде Н.Ж.Даненовпен және жоғары оқу орындарының «n+i» Консорциуммен және SFERE- мен жұмыс кездесулері өтті. Ренн қаласының мэриясында Ренн Бизнес мектебінің әріптес серіктестіктерімен, Ренн Бизнес мектебінің кампусымен танысулар өтті (Ренн Бизнес мектебінің деканы Оливье Алтель). Ренн - студенттік қала, тұрғындарының орташа жасы 25. Ренн қаласының Бизнес мектебінің жас жоғары оқу орны болғанымен бүгінгі таңда маңызды үш халықаралық аккредитациясы бар. Оқу процесінің қазіргі заманғы IT технологияларымен жабдықталуы таңғалдырады.

IMG 5630 1
Ренн қаласы Алматымен бауырлас қала. Достық қоғамын Жанна Хавард-Төребаева басқарады. Қоғам Ренн қаласының Мэриясымен бірлесе отырып үлкен жұмыстар атқарады.

Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша AlmaU Қамқоршылар Кеңесі Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшілігіне Абайдың ескерткішін әкеліп тапсырды, ол Ренн қаласының Алматы паркінде салтанатты түрде орнатылатын болады. Ренн қаласының Мэриясы және «Ренн-Алматы» Достық қоғамы Философия саясаттану және дінтану институтымен мәдени алмасуға, оның ішінде «Халық тарих толқынында» бағдарламасы ауқымында Институт орындайтын - «Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін» жобасына аса қызығушылық танытты.

Сад Родена 1
Париждегі көрнекті жерлерді аралау барысында ерекше атап өтетін Роден музейі (Роден музейі бағы). Музейге әрбір келуші Роден есімін өшпестей еткен «Ойшылмен» міндетті түрде кездеседі. Бұл мүсін таңғалдырады. Ойшыл көптеген раушан гүлдерінің ортасында отыр. Көктем соңына қарай раушан гүлдері бүршік жара бастайды, олар жаз бойы гүлдеп тұрады да күзде бірте-бірте сола бастайды. Көптеген жылдар бойы ойшылдың көз алдында олардың жапырақтары төгіліп жатыр және ол өмір мен өлімнің бірін-бірі шексіз ауыстырып тұратынына куә болғандай... Бұл мүсін философиялық ойдың айрықша рәмізі болып саналады және ол Қазақстандық философиялық Конгрестің эмблемасында көрініс тапқан.

2016 жылдың 22 наурыз бен 15 сәуір аралығында дінтану бөлімінің ғылыми қызметкері Смағұлов М.Н. Стамбул сауда университетінің (Стамбул, Түркия) саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті.

20160328 175247(0)
2016 жылдың 22 наурыз бен 15 сәуір аралығында дінтану бөлімінің ғылыми қызметкері Смағұлов М.Н. Стамбул сауда университетінің (Стамбул, Түркия) саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Стамбул сауда университеті (Istanbul Commerce University), 2001 жылы «Стамбул сауда палатасы, білім беру және әлеуметтік даму қорымен» құрылған Түркияның бірінші коммерциялық емес жеке жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Университет 6 факультет, 3 ғылыми-зерттеу орталықтары, кәсіптік мектептер мен ағылшын тіліне дайындық бөлімінен тұрады. Стамбул сауда университеті ұлттық және жаһандық ауқымдағы маңызды оқу орны болып табылады. Бүгінгі күні, студенттердің саны 7000 асып 300 жуық мұғалім қызмет атқаруда.

Тағылымдама барысында шетелдік жетекші PhD докторы, халықаралық қатынастар аға оқытушысы Ахмет Юклеин мырзамен кездесулер мен консультациялар өткізілді. Консультацияларда диссертацияның құрылымы, әдіснамасы мен зерттеулер туралы жұмыс жүргізілді, тақырып бойынша, пәндік және библиографиялық зерттеу компоненті туралы бірқатар ұсыныстар мен ескертулер алынды.

Сондай-ақ, институттың «Постсекулярлы қоғамдағы ислами білім берудің үлгілері: еуразиялық және еуропалық трендтер» атты ғылыми-зерттеу жобасын жасау әрі докторлық диссертацияны жазу үшін тиісті әдебиеттер мен дерек көздерін жинау мақсатында Ислам зерттеу орталығының (ISAM) кітапханасында бірқатар жұмыс атқарылды.