3-4 желтоқсанда Түркияның Стамбул қаласында (Арель университеті) «Түркі тілді елдердің тарихы, қоғамы мен құндылықтары» атты VI Түркі әлемі әлеуметтанушылары қауымдастығыны ң халықаралық конгресі өкізілді. Оған Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркия елдерінің көрнекті қоғам қайраткерлері мен ғалымдары қатысты.
Конгрестің мақсаты әлеуметтанудың өзекті мәселелері саласында біліммен және тәжірибемен алмасу мақсатында әріптестікті нығайта түсу болды.
VI Түркі әлемі әлеуметтанушылары қауымдастығының халықаралық конгресі Ұйымдастырушылық комитетінің төрайымы доктор Зейнеп Қарахан Услу құттықтау сөзін айтып, қазіргі әлемдегі әлеуметтанудың басым бағыттарын көрсетіп кетті. Қазақстандық әлеуметтанушыларының атынан Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының вице президенті, ҚР ҰҒА коресспондент мүшесі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Сейдуманов Серік Тұрарұлы құттықтау сөзін сөйледі.
Қазақстандық әлеуметтанушылар келесідегідей пленарлық баяндамаларын ұсынды:
Шәукенова З.К., әлеуметану ғылымдарының докторы, профессор, Назарбетова Ә.Қ., PhD-докторант «Ортақ медиа кеңістік түркі тілді елдердің құндылықтарын нығайтудың кепілі».
Забирова А.Т., әлеуметану ғылымдарының докторы, профессор «Түркі тілді елдердегі дін: сенім мен әдет аралығында».
Жаманбалаева Ш.Е., әлеуметану ғылымдарының докторы, профессор «Қазіргі университеттердің әлеуметтік жауапкершілігі».
Коновалов С.А., әлеуметану ғылымдарының докторы, доцент «Welfare State туралы дискурс: түркі әлеуметтануы үшін бағдар».
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің PhD докторанттары Биекенова Н.Ж. және Кокушева А.А. секциялардың біреуінде «Қазіргі жастардың құндылықтары: мәселелері мен келешегі» атты баяндамаларын ұсынды.
Баяндамалардың тезистері Конгрестің бағдарламасына басылып шығарылды.
Конгресті қорытындылай отырып, келесі Конгрестерді 2016 жылы Әзірбайжанда, 2017 жылы Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды. Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының вице-президенті Сейдуманов С.Т. Түркі әлеуметтанулық ассоциацияны құру туралы ұсынысын білдірді.
Екі күн жалғасқан VI Түркі әлемі әлеуметтанушылары қауымдастығының халықаралық конгресі жұмысының нәтижесі ретінде қатысушыларға сертификат берілді.
Конгрестің шеңберінде өткізілген жұмыс кездесуі барысында «Қазақстандық философиялық конгресс» ҚҰ президенті, ҚР ҰҒА кореспондент мүшесі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор З.К. Шәукенова Әзірбайжан ҰҒА кореспондент мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор С.С. Халиловпен кездесіп, Шығыс-Батыс зерттеу орталығымен (Әзірбайжан) әріптестік қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойды.