2014 жылғы шетелге іссапарлар мен тағалымдамалар

2014 жылдың 13 каңтарынан 15 наурызы аралығында ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының саясаттану бөлімінің ғылыми қызметкерлері Н.Ы.Айтымбетов пен Н.Ж.Биекенова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі PhD докторларды дайындау бағдарламасы бойынша Питцер колледжде (Лос-Анджелес қ-сы, АҚШ) ғылыми іс-сапарда болды.


Питцер
2014 жылдың 13 каңтарынан 15 наурызы аралығында ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының саясаттану бөлімінің ғылыми қызметкерлері Н.Ы.Айтымбетов пен Н.Ж.Биекенова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі PhD докторларды дайындау бағдарламасы бойынша Питцер колледжде (Лос-Анджелес қ-сы, АҚШ) (http://www.pitzer.edu/) ғылыми іс-сапарда болды.

Питцер 1
Питцер колледж Клермонттың құрамына кіретін жеті колледждердің бірі болып табылады, сондай-ақ, онда диссертация тақырыбы бойынша материалдар жинауға және табысты зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін дамыған инфрақұрылымы және бай кітапхана қоры бар. Колледж 1963 жылы салынған және жаңашыл бағдарламалар иновациялық колледжі ретінде жұмыс істеп бастады. Питцердің негізгі мақсаты: гуманитарлық ғылымдар саласында кәсіби мамандарды даярлау.

Іс-сапар барысында Н.Ы.Айтымбетов пен Н.Ж.Биекенова өздерінің диссертациялық жұмысының теориялық және тәжірибелік бөлігі бойынша ғылыми жетекшілерінен үнемі кеңестер алып тұрды, зерттеудің сандық әдісі бойынша дәрістер тыңдауға қатысты.

Ғылым іс-сапар кезінде диссертацияны жазу үшін қажетті база қалыптасты, алдағы жұмыс үшін материалдар жинақталды, зерттеу жұмысы бойынша қабілеттерін арттырды.

25-желтоқсан 2013 ж. мен 7-наурыз 2014 ж. аралығында ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері Шағырбаев А.Д. Кастамону Университетінде (Кастамону қ., Түркия) ғылыми тағылымдаманы өтті.

Кастамона
25-желтоқсан 2013 ж. мен 7-наурыз 2014 ж. аралығында ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері Шағыррбаев А.Д. Кастамону Университетінде ғылыми тағылымдаманы өтті (Кастамону қ., Түркия). http://www.kastamonu.edu.tr).

Кастамону Университеті 2006 жылы құрылды және өзін дамушы жас университет ретінде көрсетті, білім беру мен ғылым саласында үлкен қадамдар жасады, сонымен қатар, әлеуметтік, мәдени және спорт саласында да. Маманданған академиялық және әкімшілік персонал санының өсуіне байланысты Кастамону Университеті ғылыми-білім беру жұмысын 8 факультетте, 2 институтта, 4 жоғары мектепте және 11 кәсіби-техникалық мектепте жүзеге асырады. Шағырбаев А.Д. тағылымдаманы теология факультетінде өтті.

Кастамона 1
Шағырбаев А.Д. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторантура бағдарламасы аясында ғылыми тағылымы барысында өзінің шетелдік ғылыми жетекшісінен Кастамону университетінің дінтану кафедрасының профессоры Али Рафет Озканнан кеңес алды. Ғылыми тағылымы барысында Шағырбаев А.Д. Кастамону қаласының тарихи жерлеріне барды. Қала ең ежелгі қалалардың бірі олып табылады, мұнда көптеген тарихи жерлер бар: мешіттер мен тарихи мұражайлар, олар жергілікті халықтың дәстүрі мен салттарымен танысуға мүмкіндік береді. Бұл бай ақпарат алуға жол ашады. Шағырбаев А.Д. мынадай тарихи жерлермен танысты: Ismail Bey Kulliyesi, Hatun Sultan Turbesi, Benli Sultan Turbesi, Mufessir Alaeddin Turbesi, Eliguzel Turbesi ve Camii, Yilanli Dergahi ve Abdul Fettah-i Veli Turbesi, Isa Dede Turbesi, Asikli Sultan Turbesi, Atabeygazi Camisi ve Turbesi, Karanlik Evliya Turbesi, Hepkebirler Sahabe Turbesi, Kasaba Koyu Mahmut Bey Camisi, сонымен қатар «Kastamonu Kalesi» («Кастамону Қорғаны»).

Ғылыми тағылым сонында Кастамону университетінің сертификаты берілді.

2014 жылдың 16 қазанында ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері Косиченко Г.А. Мәскеу қаласындағы (Ресей) Мәскеу үкіметімен ұйымдастырылған «Дін және әлем» атты Екінші Мәскеу халықаралық форумына қатысты.

2014 жылдың 16 қазанында ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері Косиченко Г.А. Мәскеу қаласындағы (Ресей) Мәскеу үкіметімен ұйымдастырылған «Дін және әлем» атты Екінші Мәскеу халықаралық форумына қатысты. Форумның аясындағы мәселелер «Мемлекет және дін. Бейбітшілік пен қоғамдық тұрақтылық үшін ынтымақтастық орнату» тақырыптарының айналасында тоғыстырылды. Форум «Россия сегодня» МИА халықаралық мультимедиялық пресс-орталығында өтті.

Форумның мақсаты мемлекеттер, халықтар, діндер арасындағы қарым-қатынастарда діннің оң мүмкіндіктерін өзектендіруде болды. Екінші форум 700 астам қатысушыларды жинап, 45 қатысушы баяндама жасады. Форумға Ресейдің барлық конфессия көшбасшылары келді, сондай-ақ танымал саясаткерлер мен саясаттанушылар қатысты. Форум жұмысына көптеген шетел ғалымдары ат салысты.

Косиченко А.Г. форумның «Дінаралық диалог және қазіргі заманның сын-тегеуріндері» сарапшылық сессиясында «Қоғамды рухани сауықтыру мен біріктіру мақсатында мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды тереңдетудің мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады (16 қазан 2014 ж.). Баяндаманың бейнетаспасын келесі сілтемеге өтіп көре аласыз:https://www.youtube.com/watch?v=vHJxlswTAtE

Форум жұмысының аясында Косиченко екі интервью берді: «ТМД елдеріндегі мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды тереңдетудің мүмкіндіктері» тақырыбында «Россия-24 - Москва» телеканалына және «Діннің қоғамға деген оң ықпалы жетіспеушілігінің себебі неде?» тақырыбында «Радонеж» радиосына. Ғалымдар мен әр түрлі конфессиялардың өкілдері дінтану мен дін социологиясы саласындағы бірқатар мамандармен әрі қарай ынтымақтастығының жемістілігін ерекше айтып кетті.

Форум жұмысының қорытындысы бойынша қарар қабылданған еді, оның ішінде көпполярлы әлемнің құрылуына байланысты халықаралық жағдайдың шиеленісуін ескере отырып, форумға қатысушылар: «Дінді саясаттандырудан, дінді және діни идеяларды саяси күреске тартудан, халықаралық ланкестікті және басқа да экстремистік идеялар мен іс-әрекеттерді ақтаудан аулақ болуға; тарихи мұраның бөлінбес бөлшегін құрайтын конфессияларды мемлекеттің тек ресми түрде айтылған әлеуметтік серіктесі емес, шынайы серіктес етіп жасауға, ол қоғамдық адамгершілік дағдарысы жағғдайында әсіресе маңызды; болашақ салауатты қоғам үшін, дәстүр мен мәдениетті сақтап қалу үшін жас ұрпақты тәрбиелеудегі діннің тәжірибесі мен құндылықтар жүйесін есепке алуға» шақырады.