← Назад к списку

Франция Республикасы, Париж қаласындағы ғылыми іс-сапардың есебі

    2022 жылдың 30 мамыр мен 04 маусым аралығында ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкерлері Г.Ғ. Барлыбаева, Ж.Б. Ошақбаева, К.ҚМ. Қоңырбаева, Г.И. Нүсіпова, Д.М. Жаңабаева, А.Б. Кельдинова «Қазақстанның тұрақты даму стратегиясы контекстінде қоғамның мәдениеті мен құндылықтарын зерттеу» бағдарламасы, «Абайдың философиялық іліміндегі «толық адам» тұжырымдамасы және қазіргі заман», «Қазақстанның қазіргі жаңғыру кезеңіндегі қазақ халқының философиялық-поэтикалық мұрасының рухани-мәдени әлеуеті» гранттық жобалар аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Франция Республикасы, Париж қаласы маңындағы Версаль-Сен-Кантен-ан-Ивелин Университетінде ғылыми іс-сапарда болды.

    Іс-сапар барысында Версаль-Сен-Кантен-ан-Ивелин Университетінің профессоры Абдеруф Беналимен кездесіп, университетте жүргізіліп жатқан ғылыми жобаларымен таныстырып, оқу үрдісі, ғылыми іс-шаралар жөнінде тың ақпараттарды ұсынды. Сонымен қатар, университеттегі өзге мемлекеттерден дәріс оқуға шақыртылған профессорлармен кездесу ұйымдастырылып, Версаль-Сен-Кантен-ан-Ивелин кітапханасындағы ғалымдардың соңғы шыққан еңбектері жайлы мәліметтер ұсынылды. Университет ғалымдарымен француз қоғамының мәдениеті мен құндылықтары жайлы пікір алмасу барысында француздардың ұлттық сипаты критицизм рухы, бостандықты сүю, республикалық құндылықтар, махаббат, меритократия, рыцарлық рухы, индивидуализм, әсемдік, ұқыптылық, жайлылыққа деген құштарлық (комфорт) ұғымдары арқылы айқындалатындығын жеткізді.

    Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкерлері өз тарапынан институттың тарихы, құрылымы, қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жобалардың сипаты жөнінде презентация жасап, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру және гранттық жоба бойынша жарыққа шыққан еңбектермен таныстырылып, университет кітапханасының қорына берілді.


← Назад к списку