← Назад к списку

БЕЛОРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНА ( МИНСК ҚАЛАСЫНА) ІССАПАР ЕСЕБІ

    2021 жылдың 5-10 қарашасы аралығында ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Философия орталығының бас ғылыми қызметкері Ж.Б.Ошақбаева, жетекші ғылыми қызметкер К.М.Қоңырбаева Белорусь республикасының Минск қаласында іс-сапарда болды.

    Іссапардың мақсаты – «Қазақстанның қазіргі жаңғыру кезеңіндегі қазақ халқының философиялық-поэтикалық мұрасының рухани-мәдени әлеуеті» жобасы аясында белорусь ғалымдарымен ғылыми байланыстар орнату, философия тарихы мәселелерін зерттеудің әдіснамалық негіздерімен танысып, тәжірибе алмасу.

    2021 жылы 8 қарашада Минск қаласында жоба орындаушылары - бас ғылыми қызметкер Ж.Б.Ошақбаева, жетекші ғылыми қызметкер К.М.Қоңырбаева Белоруссияның Ұлттық ғылым академиясы Философия институты ғылыми қызметкерлерімен  кездесіп, екі елдегі философиялық қауымдастық арасындағы творчестволық  байланыс туралы пікір алмасты. Ұзақ жылдар бойы ғылыми-зерттеу және ғылымды ұйымдастыру бойынша қалыптасқан іс-тәжірибелерді одан әрі өрбіту жөнінде Белорусь ҰҒА Философия институтының директоры А.А.Лазаревич жылы лебізін білдірді.

    2021 жылдың 9 қарашасы күні Белоруссия Ұлттық кітапханасы қорымен танысып, поэзия мен философия мұраларын зерделеу әдістері жөнінде материалдар жиналды. Якуб Колас атындағы орталық ғылыми кітапхана мен Ежелгі Белоруссия мәдениетінің мұражайымен таныстық.

    Беларусь  елінде тұрып  жатқан  1500-ге жуық қандастарымыз бар екен. Іссапар аясында  қазақ диаспорасы өкілдерімен жүздесіп, ұлттық құндылықтардың сақталуы, тіл мәселесі жөнінде сұхбат құрдық. Сонымен қатар Минскідегі Мұхтар Әуезов атындағы №143 орта мектепте және Беларусь  ұлттық техникалық университетіндегі Абай атындағы Қазақ тiлi, тарихы мен мәдениеті орталығында болдық. Олардың үлкендерді қатты сыйлайтыны, балажандығы, отбасы құндылықтарын жоғары қоятыны, қонақжайлылығы мен мейірімділігі байқалады.

    Біздің Белорусь елінің Минск қаласында болуымыз Философия институтындағы әріптестермен ынтымақтастық тұрғысынан ғылыми және перспективалы, өте жемісті болды. Бірлескен ғылыми жобалар бойынша халықаралық тәжірибемен алмасу жүзеге асты.

 

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және

дінтану институтының бас ғылыми қызмет-

кері, философия ғылымдарының кандидаты                          Ж.Б.Ошақбаева

 

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және

дінтану институтының жетекші ғылыми қызмет-

кері, философия ғылымдарының кандида                             К.М.Қоңырбаева


← Назад к списку