Нурмуратов С.Е.

177.jpg  
 Жеке мәліметтері: 1958 жылы 5 қазан күні Қызылорда облысы Жалагаш ауылында дүниеге келген.
Білімі: Жоғары. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті философия-экономика факультеті (1976-1981 жж.), Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты аспирантура (1985-1988 жж.) ҚР ҒА-ҒМ

Салалық марапаттар:
• «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен ҚР БжҒМ (2008 ж.)
• Қазақстан техникасы мен ғылымын дамытуға орасан зор үлес қосқан мамандар мен ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми степендия (2010-2012 жж.)
• ҚР Білім және ғылым Министрлігінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының Құрмет грамотасы (1998 ж 2004 жж.)
Ғылыми дәреже: философия ғылымдар докторы (2001 ж.)
• Кандидаттық диссертация тақырыбы: «қоғамдық пікірдің тұлғаның қалыптасуына әсері» - КазССР ҒА философия және құқық институтында қорғаған 1989 ж.
• Докторлық диссертация тақырыбы: «Рухани құндылықтардың қалыптасуы мен дамуы: әлеуметтік-философиялық талдау» - ҚР ҒА ҒМ философия және саясаттану институтында қорғаған, 2000 ж.
Ғылыми атақ: профессор (2005 ж.), академик КАСН (2012 ж.)
Еңбек қызметі:
• КазХТИ философия кафедрасының оқытушысы 1981-1985 жж. (Шымкент.қ)
• Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының философия кафедрасының аспиранты 1985-1988жж. (Алматы .қ)
• ҚР БжҒМ ҒК философия және саясаттану институтының қазақ философиясының тарихы және эстеитка бөлім меңгерушісі 1988-2010 жж.
• ҚР БжҒМ ҒК ФжСИ Қазақ руханиятын зерттеу орталығының жетекшісі 2010-2012 жж.
• 06 наурыз 2012 ж. – қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары.
Қоғамдық жұмыстар:
• «Аль-Фараби», «Қайнар университетінің хабаршысы» және «Қазақ өркениеті» журналының редакция алқасының мүшесі
• Қазақстаның әлеуметтік ғылымдар академясының ғалым хатшысы
• аль-Фараби атындағы Қаз ҰУ (PhD) докторлық диссертация қорғау кеңесінің мүшесі
Негізгі ғылыми жарияланымдар: 200 аса ғылыми танымал жарияланымдар авторы. «Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік-философиялық талдау» монографиясының авторы. (2000ж.), «Қазақ даласының ойшылдары» көптомдық кітаптың қосавторы. (2002-2006), Философиялық ойдың онтологиясы құрастырылуына қатысқан «Әлемдік философиялық мұра» және «Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі қазақтың философиялық мұрасы» мәдени мұра бағдарламасы аясында. (2004-2009). «Ұлттық идея және қазақ философиясы» жауапты редактор ұжымдық монографияның (2010) және оқу құралы «Ұлттық тәуелсіздік және қазақ философиясы» (2011).