Шолпан ЖАМАНБАЛАЕВА, Философия, саясаттану және дінтану институты бас директорының орынбасары:
Кеше Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезінде Қазақстан президенттігіне кандидат ұсынылып, Мемлекет басшысының кандидатурасын ұсынуғы бірауыздан қолдау білдірілді. Қасым-Жомарт Тоқаев өзі басқарған үш жылдың ішінде халықпен бірге екендігін дәлелдеп, қиын кезеңдерде Қазақстанның мемлекеттілігін сақтай білді. Президенттің барлық реформаларының басты бағыты - адам, оның әл-ауқаты, өмір сүру сапасын арттыру және әрбір қазақстандық үшін тең мүмкіндіктерді ұсыну болып табылады. Күрделі геосаяси жағдайда Президенттің тиімді іс-қимылдарының нәтижесінде Қазақстан барлық мемлекеттермен достық қарым-қатынасты сақтап қалды. Бұл басқарушы партияның стратегиялық таңдауына және басталған реформаларды одан әрі ілгерілетуге бағытталған.
Бірнеше күн бұрын бірқатар республикалық ұйымдар Қ.К. Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде көргісі келетіндерін мәлімдеді. Олардың қатарында Ұлттық еріктілер желісі, Қазақстанның Азаматтық Альянсы, Qazaqstan Team жастар бірлестігі, Ардагерлер ұйымы және қазақстандық спортшылар Одағы бар. Аманат партиясы қазіргі Мемлекет басшысын президенттікке кандидат ретінде ұсынғаннан кейін, бірден «Ақ жол» партиясы да Қазақстан Президентінің алдағы мерзімінен бұрын сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатын ұсынатынын жариялады. Сондықтан саяси және қоғамдық ұйымдардың Қазақстан Президентінің алдағы мерзімінен бұрын сайлауында Тоқаевтың кандидатурасын қолдау мақсатында «Халықтық коалиция» құру туралы шешімдері орынды. «Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау үшін» халықтық коалициясын құру қосымша қуатты коммуникациялық арналарды қалыптастырады, әділетті Қазақстан идеясын тарату және насихаттау мүмкіндігін береді және ең бастысы, сайлау барысында бірыңғай кандидаттың сайлау әлеуетін күшейте түседі. Amanat партиясының төрағасы Қошанов атап өткендей, «Түрлі саяси және қоғамдық күштердің мұндай бірауыздылығы біздің қоғамды шоғырландырудың мүлдем жаңа деңгейін көрсетеді». Бұл, шын мәнінде, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарына мемлекет басшысының айналасында бірігуге және реформаларды жүзеге асыру жолында бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін өте маңызды тарихи шешім. Қазіргі таңда ең бастысы - мықты әрі жауапты көшбасшының басшылығымен тұрақтылықты сақтап қалу және жаңа Қазақстанды құру жолындағы барлық жоспарларды іске асыру болып
табылады.