Institute of Philosophy, Political Science and Religious Studies

Institute of Philosophy, Political Science and Religious Studies

Institute of Philosophy, Political Science and Religious Studies

Institute of Philosophy, Political Science and Religious Studies

БОЛАШАҚҚА ҰМТЫЛҒАН ТЕЗИСТЕР
29.03.2023
Views:  222

 БОЛАШАҚҚА ҰМТЫЛҒАН ТЕЗИСТЕР

 

Философия, саясаттану және
дінтану институты дінтану
орталығының ғылыми қызметкері
Қасабекова Еңлік Құралғазықызы

  

Көптен күткен сайлау науқаны өз мәресіне жетіп, 7-ші шақырылымның жаңа депутаттары ел Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың нұсқауымен өз міндеттеріне кірісті.

Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР халқы алдындағы сөйлеген сөзінде Әділетті Қазақстан құрудағы үкіметтің барлық тетіктерін іске қосу жөнінде баса айтты. Сондай-ақ елдегі қордаланған әлеуметтік және басқа да мәселелердің шешімін табудың басты мақсат екенін айқын айтты. Соның ішінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында бірқатар реформалардың іске асатынына тоқталды. ҚР Президенті заң аясында Үкіметтің таратылып Жаңа Үкіметке Аманат партиясы өз үміткерін ұсына алатынынын айтты. Негізінен алғанда жақсы әрі тың бастамаларға негізделген жоспарлар тағы да халыққа үміт сыйлады.

Атқа мінер азаматтарымызға сәттілік тілейміз, Әділетті Қазақстанның іргесі ыдырамасын демекпіз.


← Back to list