АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

21.09.2023



Қазақстан Республикасының

Ғылым және жоғарғы білім Министрлігі Ғылым комитеті

Философия, саясаттану және дінтану Институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!


2023 жылдың 27-ші қыркүйегінде ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану Институты «Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыру: мүмкіндіктері мен келешегі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Елдің саяси басшылығы инновациялық даму мен қазақстандық қоғамды кешенді жаңғырту бағытын ұстанып отыр. Қазақстандық қоғамның, сонымен қатар рухани-ізгілікті, экономикалық, мәдени, саяси-басқарушылық, ғылыми-технологиялық және т.б. салалардың динамикалы дамуы үшін қоғамдық өмірдің барлық саласын кешенді жаңғырту керек.

Қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік жаңғыру мәселесін зерттеу мәселесі ұлттық егемендік пен демократия құндылықтарын нығайту, қоғамның тұрақты дамуы, еркіндік пен әділдік императивтері, ұлттың рухани саулығы қазақстандық ғылымның жаңа әлеуметтік-гуманитарлық дискурсымен, іргелі зерттеулердің ашық кеңістікке шығуы қажеттілігімен шартталған.

Негізгі бағыттары:

– қазақстандық жаңғыру мәселесінің ерекшелігі;

– Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің жаңғыруының негізгі векторлары:

– Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынасты жаңғырту мүмкіндіктері;

– Қазақстан Республикасының жастар саясатын жаңғырту мәселелері;

– діни конфессияларды жаңғырту мәселесі: қажеттілігі мен шынайы мүмкіндіктері;

– қазақстандық ғылым мен білім беру салаларын жаңғырту қажеттіліктері мен негізгі бағыттары.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ , орыс, ағылшын.

Тіркеу: 09-30 – 10:00. Конференция жұмысы: 10:00 – 13.00

Байланыс: Ұйымдастыру комитеті: 050010, Алматы қ., Құрманғазы көшесі, 29, 3 этаж. Тел. 8 (707) 6252718; fax: 272-59-10; e-mail: ayazhan@list.ru

Жауаптылар: Сағикызы Аяжан, Жаңабаева Динара Мухтаровна, Тел.: 87076252718

Қатысушылардың мақалалары мен баяндамалары конференцияның материалдар жинағында жарияланады.

Мақалаларды рәсімдеу: Times New Roman, интервал – бір, шрифт – 14; сандық сілтемелер төртбұрышты жақшада мақала мәтінінен кейін ретімен қойылады; автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі мен жұмыс орны толығымен көрсетілуі тиіс. Мақала көлемі 7-12 бет.

Мақалалар 2023 жылдың 1 қазанына дейін Жаңабаева Динара Мұхтарқызына жіберіледі, е-mail: dinara.jan@bk.ru