Institute of Philosophy, Political Science and Religious Studies

Institute of Philosophy, Political Science and Religious Studies

Institute of Philosophy, Political Science and Religious Studies

Institute of Philosophy, Political Science and Religious Studies

МЕШІТТЕРДЕГІ ІШКІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ
17.11.2022
Views:  376

МЕШІТТЕРДЕГІ ІШКІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ

А.Д. Шағырбай Философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері, PhD докторы

Қазіргі таңда, мешіттердегі жамағаттың арасында бірқатар мәселелер орын алғаны көпшілікке мәлім, парыз намаздарын көпшілікпен орындағаннан кейін сүннет амалдарын оқудың орнына мешіттен шығып баратын адамдар да бар, намаздан кейін дәстүрімізге айналған «тәспі» тарту, қол беріп амандасу, жамағатпен бірге ақсақал аталардың батасын алу, жасы үлкенге құрмет көрсетіп жолын кеспеу секілді танымды дәстүрлерімізге салқындық танытанын ғибадат ғимаратында адамдардың бар болғаны біршама жылдар болды. Осы әңгімеміз, мешіттердегі ішкі ережеге аса назар аудармайтын, жұма күндері өздіктерінше әңгіме құратын, «құтпа» тыңдау сәтінде «құлаққаппен шұғылданатын» адамдарға арналады.

Жақын арада, әлеуметтік желілерде бірқатар бейнеролик таралып, мазмұнында мешітке келуші бірнеше азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны баяндалды, бұл қандай мәселе десеңіз, еліміздің заңдары бойынша ғибадат ғимаратындағы имамның қызметіне кедергі келтіру, яғни мешіттегі тәртіп бойынша діни рәсімдер Ханафи мәзхабы ұстанымдары бойынша жүзеге асырылады, мысалы жоғарыда айтылған оқиғада намаз оқу барысында фатиха сүресі оқылғаннан кейін «әмин» дұғасын іштей айтуды сұраған имамның сөзіне құлақ аспай, жамағаттың назар аудартқанын түсінуге болады. Мешіттегі имамдардың насихаты мен ішкі ереже-тәртіптеріне бойұсынбайтын адамдардыда дәстүрлі емес ағымдар деген сөзбен айтып жүрміз.

Сондай-ақ, зайырлы еліміздің білім беру ұстанымдарына қарсылық танытып, діндарлықты насихаттау арқылы тәрбиелеуге ұмтылған азаматтарда кездесуде, мемлекет тарапынан азаматтарды дініне, ұлтына, әлеуметтік ортасына бөлмей зайырлы сипаттағы жалпы адамзаттық құндылықтар дәріптелуде. Алайда, жекелеген діни сипаттағы балабақшалар, жеке мектептер қызметтерін жасап отырғандығы, дін саласының мамандарын алаңдатуда.

Мысалы, осындай фактінің бірі Атырау өңірінде кәмелет жасына толмаған баласын шетелдегі діни орталықтың біріне діни білім алуға жіберген азамат ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің» 127-бабына сәйкес ата-анасы мектеп жастағы баласын білім беруден шектеп, діни білім алуға шетелге жолдағаны себебімен әкімшілік хаттама толтырылған, сот шешімімен 50 АЕК (айлық есептік көрсеткішке) шеңберінде жауапкершілікке тартылған.

Қорытындылап айтқанда, бүгінгі әлемдегі мұсылмандардың басым көпшілігі 80 пайыздан астам сүнниттік бағыттағы исламды ұстанады, сүннизмнің құрамындағы 4 (төрт) мәзхабтар ақиқат жолындағы діни жолдар екендігі ислам тарихындағы ғылыми-дәйектермен дәлелденген, осыған орай еліміздегі Әбу-Ханифа мәзхабын ұстанудың артықшылығы ынтымақ пен бірлігімізді нығайтуға септігін тигізеді деген пайымдамыз. Осыған қарамастан, зайырлылық пен діндарлықтың бір-біріне қарама-қайшылығы жоқ екендігін азаматтарымыз кейде басқаша түсініп жатады, зайырлылық дегеніміз дінсіз қоғам емес, осыған дәлел ретінде күнделікте өмірдегі діни сенім бостандығын мысалға айтуға болады. «Дінді ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» мағынадағы сөз осы заманда маңыздылығын жоғалтпағанын түсінудеміз.

https://www.facebook.com/CenterForReligiousStudies/

 


← Back to list