Institute of Philosophy, Political Science and Religious Studies

Institute of Philosophy, Political Science and Religious Studies

Institute of Philosophy, Political Science and Religious Studies

Institute of Philosophy, Political Science and Religious Studies

ТАШКЕНТТЕГІ ІС-САПАР
13.12.2022
Views:  440

ТАШКЕНТТЕГІ ІС-САПАР

ТАШКЕНТТЕГІ ІС-САПАР

Дінтану орталығының қызметкерлері профессор Н.Л. Сейтахметова мен Е.Қ. Қасабековa мен Н.С. Қалдыбековтер «Қазіргі ислам философиясы Жаңа гуманитарлық білім ретінде: дискурс және праксис» ғылыми жобасы аясында Өзбекстан республикасының астанасы Ташкент қаласына іс-сапар жасады.

Сапар барысында зерттеушілер Мирзо Улукбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің Философия және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының оқу процесімен, оқытушылар құрамымен танысып, студенттерге лекция оқыды. Кафедра ғалымдары жазған еңбектермен танысты. Ғылыми-зерттеу жұмысына қатысты екі елдегі айырмашылық пен өзгешелікті талқыға салды.

Аталмыш университет пен институтымыз арасында ғылыми байланыс орнатып, өзара жұмыс жасасуға есік ашатын меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта осы меморандум негізінде бірлесіп ғылыми жобалар, іс-шаралар жасаймыз деген жоспар бар.

319504328_1052054749512121_6861863894131966171_n (1).jpg

https://www.facebook.com/CenterForReligiousStudies/

 


← Back to list