КАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ АБАЙ

06.04.2023



 КАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ АБАЙ

   

Жақында Философия орталығында бас ғылыми қызметкер, философия ғылымдарының докторы Г.Г. Барлыбаеваның жетекшілігімен гранттық қаржыландыру ғылыми жобасы бойынша «Абайдың философиялық іліміндегі «Толық адам» тұжырымдамасы және қазіргі заман» атты ұжымдық монография және «Қазіргі замандағы Абай» атты республикалық дөңгелек үстелдің материалдары жарық көрді.

Бұл екі кітап қазақ философиясының ең биік шыңы болып саналатын Абайдың философиялық ілімін қазіргі заманның дамуы аясында талдауға арналған.

Абай – қазақ философиясындағы шоқтығы биік, этнос қалыптастырушы тұлға, ол жаңа дүниетанымның, адам мен оның әлемдегі орнын жаңаша түсінудің жаршысы. Қазақ ойшылының барлық шығармашылығы толық адам туралы терең ой-толғауларға қаныққан, ал оның негізгі мақсаты - Адам болудың озық жолдарын үйрету және адамдарға қайырымдылық пен зұлымдықтың шынайы мәнін айқындап беру. Абай бізді тереңдеп ойлануға, күмәндануға және қателіктер үшін өкінуге мәжбүрлейді. Абай тыныштандырмайды. Ол ХІХ ғасырда керек еді, ал ХХI ғасырда және болашақта одан да керек болады деген ойдамыз.

 

Center for Philosophy

 

https://www.facebook.com/photo/?fbid=230167582922881&set=a.168751389064501