2013 жылы 5-маусымда Астанада сол кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы лауазымында отырған Тәжин Марат Мұханбетқазыұлының қатысуымен Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеуде Ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Ғылыми қоғамдастықтың алдында
«Халық тарих толқынында» ғылыми зерттеу бағдарламасын жүзеге асыру міндеті қойылды.
Ғылыми бағдарламаның
мақсаты алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме негізінде қазақ этносының объективті тарихын және оның ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі тарихи тағылымы, этникалық және мемлекеттік территориясының тарихи қалыптасуы, Қазақстан халықтарының полиэтникалық қалыптасу кезеңдерін қайта жасап шығару болып табылады. Ғылыми бағдарламаны 2014-2016 жылдары жүзеге асыру көзделіп отыр.
Бүгінгі күні Қазақстанның қазіргі заманғы тарих ғылымының алдында маңызды міндеті тұр: еліміздің азаматтарының мінез-құлқы мен санасында болып жатқан логикалық өзгерістерді, әлемдік тарихнама тәжірибесін ескере отырып, жаңа теориялық-методикалық мақсаттармен қазақ халқының тарихын қайта жаңғырту тұр. Уақыт пен қоғам тарихшы ғалымдардан Қазақстан территориясында тарихи үрдістерді тек тарихи зерттеулерден басқа зерттеудің пәнаралық сипаттағы кешенді тәсілін талап етеді.
ҚР БҒМ ҒК философия, саясаттану және дінтану Институты «Халық тарих толқынында» ғылыми зерттеулер бағдарламасы шеңберінде
үш ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырады:
- Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін (2014-2016);
- Қазақстанның рухани-мәдени және тарихи дамуындағы діннің рөлі: дәстүрлер мен қазіргі заман (2014-2016);
- Нақты тарихи кезеңдерге сәйкес «Қазіргі Қазақстан территориясындағы діндердің тарихы» және «Қазіргі Қазақстан территориясындағы ислам мәдениетінің тарихы» бөлімдері бойынша жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу (2014-2015).