Институттың басылымында 2 журнал шығады: «Адам әлемі» (1999 жылдан бастап) және «Әл-Фараби – Аль-Фараби» (2003 жылдан бастап).

Институт басылымында «Мәдени мұра» бағдарламасының ауқымында шығарылды: «Шығыс Аристотелі» шығармалар жинағы – әл-Фараби (10 том), «Әлемдік философиялық мұра» (20 том) және «Қазақ халқының философиялық мұрасы» зерттеуі (20 том).

Институт қызметкерлері саясат мәселелері, ғылым, білім, мәдениет, дін, әлемдік және қазақ философиясы жайында монографиялары мен ғылыми мақалаларын жариялап тұрады. Институт қызметкерлерінің ғылыми жариялымдары Шығыс пен Батыстың ғылыми-рейтингі жоғары басылымдарында сұранысқа ие.